@article{Жаукеева_Рыстина_2021, title={АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚХР «ЖҰМСАҚ КҮШ» САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ : }, volume={71}, url={https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/60}, DOI={10.52536/2788-5860.2021-3.02}, abstractNote={<p>Мақалада Қытай Халық Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «жұмсақ күш» теориясын мемлекеттік саясатта қолдану ерекшеліктері көрсетілген. Сонымен қоса, бұл теорияның пайда болуы, қытайлық зерттеушілерінің «жұмсақ күш» ұғымына қытай қоғамы мен мәдениетіне бейімделген анықтамасы ұсынылған. Бұл теория елде ерекше танымалдылыққа ие болды, өйткені ол қытай ұлтының дүниетанымдық көзқарастарымен үйлесімділік тапты. Жаңа технологияларға сүйене отырып, осы саясатты іске асырудың негізгі құралы болып табылатын Қытайдың қазіргі заманғы БАҚ-тары олардың негізгі міндеттерін табысты шешуде. Атап айтқанда, көптеген ірі қытайлық медиа контент ағылшын тілінде шығып, олардың жаһандық ғаламторда қатысуы күшейтіліп, тарату ауқымы кеңейтілуде. Қытай мәдениетін жаһандық ауқымда таратып, оның қабылдануын тереңдету, ҚХР-дың әлеуметтік-экономикалық модернизациясы мен саяси шешімдерін позитивті көзқараста жеткізу үшін   мемлекет коммуникацияның инновациялық әдістерін пайдаланып, халықаралық аренада Қытайдың «үнін» белсенді тарататыны белгілі. Қытай медиасы «жұмсақ күш» саясатын тиімді жүргізіп, Қытайдың құндылықтарын әлемнің дамушы елдеріне түсіндіру арқылы елдің оң имиджін қалыптастыруда деген қорытындыға келеді. Дегенмен Қытайдың жұмсақ күші табысты іске асып келеді деген біржақты қорытындыға келу мүмкін емес. Өйткені, АҚШ-Қытай текетіресі және «Белдеу мен жол» аясында қытайлық ақпарат құралдарының қызметі қатаң сынға алынып та жатады.  </p>}, number={3}, journal={ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР}, author={Жаукеева, Назерке and Рыстина, Индира}, year={2021}, month={қыр.} }