@article{Калдыбекова_Өзбек_2021, title={ПОСТ-ШЫНДЫҚ (POST-TRUTH) ЖӘНЕ ХАННА АРЕНДТТІҢ САЯСАТТАҒЫ АҚИҚАТ ПЕН ЖАЛҒАН ТУРАЛЫ САЯСИ ОЙЛАРЫ}, volume={72}, url={https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/64}, DOI={10.52536/2788-5860.2021-4.05}, abstractNote={<p>Пост-шындық (post-truth) соңғы жылдары пайда болған жаңа құбылыс болғанымен, мұны ақиқат пен жалған арасындағы өзара байланыстың жаңа моменті деп айтуға болады. Өткенге көз жүгіртетін болсақ, тарих ақиқат пен жалған арасындағы толассыз күреске тұнып жатыр. Ал пост-шындық құбылысы - мұның бүгінгі көрінісі. Пост-шындық құбылысы қазіргі жаңа технологиялармен және саясатпен тығыз байланыста. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге сүйенген пост-шындық құбылысы негізінен популизмнің ең тиімді құралы ретінде қарастырылуда. Бұл зерттеудің басты мақсаты - пост-шындықты саяси философияның көрнекті өкілі Ханна Арендттің саяси ойы аясында қарастыру. Себебі, мақаланың негізгі аргументі – пост-шындықтың күре тамыры ақиқат пен жалғанның өзара байланысында жатыр. Ханна Арендт ақиқат пен жалғанның қарым-қатынасын өзінің еңбектерінде саяси философия тұрғысынан зерттегендіктен, бұл мақала бүгінгі пост-шындық құбылысын оның саяси ойы тұрғысынан талдауға тырысады. Бұл мақала келесі гипотезаны алға тартып отыр: саясаттағы пост-шындық мәселесін Ханна Арендт «пост-шындық» термині пайда болғанға дейін қарастырып кеткен. Зерттеу барысында Ханна Арендттің саяси философиялық мәтіндерін қарастыру үшін талдау әдістемесі қолданылған.</p>}, number={4}, journal={ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР}, author={Калдыбекова, Айдана and Өзбек, Синан}, year={2021}, month={жел.}, pages={64–74} }