TY - JOUR AU - Оспанова, Асем AU - Қаленова, Теңгеш AU - Жалмагамбетова, Салтанат PY - 2022/03/24 Y2 - 2024/03/28 TI - ҚАЗАҚСТАНДА ҒЫЛЫМ САЛАСЫН БАСҚАРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ JF - ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР JA - kd VL - 73 IS - 1 SE - Саясат және қоғам DO - 10.52536/2788-5860.2022-1.03 UR - https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/84 SP - AB - <p>    </p><p>Мақала қоғамдық прогрестің ең қуатты қозғалтқышы, қоғам дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – ғылымды басқару саласы және осы саладағы мемлекеттік саясат мәселесіне арналған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғылым саласы жаңа жолға қойылып, мемлекеттік саясаттың басымдықтары ретінде заң қабылданып, әр түрлі көптеген бағдарламалар ұсынылып, олардың жүзеге асырылу жолдары да айқындала бастады. Бірақ, еліміздегі жалпы білім және ғылым саласына қатысты жүргізілетін саясат әртүрлі жоспарлы және бірдей емес сипатта. Өйткені, бұл саладағы реформалар да қоғамның дамуымен қатар толықтырылып, өзгеріске ұшырап отыруы тиіс.</p><p>Мақалада Қазақстандағы ғылым саласын басқару бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен деңгейлері, жоспарлары және мемлекеттік бағдарламалар сарапталып, талдау жасалынады. Сонымен қатар, стратегиялық даму жоспарлары, ғылымның дамуын үйлестіруші органдар, ғылымдағы серпілісті күту, әлемдік экономика дамуының қоғамдық қарым-қатынасқа әсері, ғылым саласына ықпал етуі мен түрлі теориялар мен концепцияларға негізделу шарттары қарастырылады.</p><p>Авторлардың пікірінше Қазақстан ғылымының даму перспективалары мемлекет ғылымнан нақты нені күтеді және соған сәйкес ғылыми-техникалық саясат қандай болуы керектігіне байланысты болады. Бұл мәселені толықтай түсіну үшін ғылымның дамуындағы елдің ғылымды немесе ғылыми-техникалық саясатты басқаруды көре білу не тұжырымдамасын жасау қажет.</p> ER -