ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd
журналКИСИ при Президенте РКuk-UAҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР2414-5696АУЫЛДЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТАРДАҒЫ ІРІ БИЗНЕС ҚЫЗМЕТІНЕ БЕРІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ
http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/574

Мақалада Абай облысының Ақтоғай, Жезкент және Көпе елді мекендеріндегі ауыл тұрғындарының ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін қабылдауы талданып, «қызмет етуге берілетін әлеуметтік лицензияның» қалыптасу алғышарттары бағаланады. 318 тұрғын арасында жүргізілген жаппай сауалнама негізінде өңірдегі негізгі жер қойнауын пайдаланушы туралы хабардарлық деңгейі, кәсіпорын басшылығына сенім, халық, билік пен бизнес арасындағы әртүрлі коммуникация арналарының тиімділігі, сондай-ақ тұрғындардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктен [бұдан әрі – КӘЖ] күтулері қарастырылады. Бизнестің аумақты дамытуға қосқан үлесіне сенім білдіру және оны мойындауға дайындық елді мекендер арасында едәуір ерекшеленетіні әрі инвестиция көлеміне ғана емес, коммуникацияның жүйелілігі мен форматына да байланысты екені анықталды. Үш ауылдың бәрінде тұрғындармен кездесулер және әкімдік арқылы жұмыс істеу өзара іс-қимылдың ең орнықты арналары болып шықты, ал жеке өтініштер мен цифрлық арналардың тиімділігі төмен күйінде қалып отыр. Бизнестің жергілікті қауымдастықтармен қарым-қатынасын қалыптастыруда сараланған, нысаналы стратегиялар қажет деген қорытынды жасалып, КӘЖ және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламаларына арналған практикалық ұсынымдар ұсынылды.
Кайратбек ДжамангуловРенат Саликжанов
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-09-302026-09-3091311112110.52536/2788-5860.2026.91.3.008ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТ
http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/528

Жасанды интеллект қолдану аясын кеңейтіп, тұтынушылардың санын көбейтіп өміріміздің күнделікті элементіне айналуда. Зерттеудің мақсаты – 2025 жылы Қазақстанда репрезентативті іріктеме бойынша 2000 респондентке жүргізілген әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері арқылы еліміздегі халықтың ЖИ-ке көз-қарасын зерттеу. Соның ішінде ChatGPT туралы хабардарлық деңгейін, ЖИ-ті қолдану жиілігін, ЖИ-тің қоғам үшін маңызыдылығына қатысты пікірлерін және ЖИ-ті қаншалықты қауіпті санайтынын қарастыру. Зерттеуге 17 облыстан және республикалық маңызы бар 3 қаладан, яғни Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18-ден асқан азаматтар қатысты. Сонымен қатар біз әр түрлі елдерде ЖИ қолдану салдарынан және ЖИ-тің халықтың цифрлық әл-ауқатына ықпалынан пайда болған жаһандық әлеуметтік-психологиялық үрдістерді зерттедік. Мақала авторлары халықаралық мамандырылған жарияланымдар негізінде қоғамның жедел цифрлық трансформациясы жағдайында ЖИ-тің адамның әлеуметтік-псиологиялық жағдайына ықпалы бойынша жаһандық үрдістерді талдады. Зерттеудің өзектілігі ЖИ жүйесінің күнделікті өмірге және кәсіби қызметке кеңінен еңгізілуіне байланысты адамдардың едәуір бөлігінде психологиялық дистрестің жаңа формалары қалыптасуымен байланысты. Ол жұмыс орнынан айырылып қалу қауіпіне байланысты мазасыздық, сондай-ақ чат-боттарға деген эмоционалдық тәуелділік сияқты құбылыстар. Бұл халықтың цифрлық әл-ауқатына байланысты мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерделеудің өзектілігін күшейтеді. Зерттеу нәтижелері цифрландыру жағдайында халыққа психологиялық қолдау көрсету бағдарламаларын әзірлеудің және ЖИ технологияларының кең таралуы жағдайында психологиялық әл-ауқатты қорғау факторы ретінде цифрлық сауаттылықты қалыптастыру қажеттілігін растайды. Жасанды интеллект әлеуметтануын ЖИ технологияларының қоғамға, әлеуметтік құрылымдарға және институтарға ықпалын зерттейтін ғылыми бағыт ретінде дамыту қажет.

Ботагөз РакишеваГульзи НабиҚаламқас ЕсимоваАйнұр Ибраева
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-09-302026-09-3091312213610.52536/2788-5860.2026.91.3.009ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК КӨШІ–ҚОНЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ТРАЕКТОРИЯЛАРЫ
http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/451

Зерттеу Қазақстандағы жастардың адами капиталының кеңістіктік қайта бөлінуіне және 2020–2024 жылдардағы өңірлік деректерге «зияткерлік түйіндер — қақпалар — перифериялар» тұжырымдамалық шеңберін қолдануға арналған. Ресми статистикалық деректер негізінде 14–34 жастағы жастардың ішкі және халықаралық көші-қоны талданды. Көші-қон қарқындылығы өңірдегі жастардың орташа жылдық санының әрбір 1 000 адамына шаққанда стандартталды, сондай-ақ жоғары білімнің аумақтық шоғырлануы қарастырылды. Нәтижелер жастардың кеңістіктік мобильділігі негізінен ішкі көші-қонмен айқындалатынын көрсетті. Астана, Алматы және Шымкент елдегі студенттер контингентінің 60,3%-ын шоғырландырып, негізгі зияткерлік түйіндер ретінде ерекшеленеді. Маңғыстау облысы жастардың халықаралық және ішкі көші-қоны бойынша оң сальдо байқалатын жалғыз өңір болып табылады. Солтүстік және шығыс өңірлердің бірқатары айқын зияткерлік периферияны қалыптастырады. Зерттеу адами капиталдың өңірлік жылыстауын тек халықаралық көші-қон көрсеткіштері арқылы бағалаудың жеткіліксіз екенін көрсетіп, ішкі мобильділікті, халықаралық көші-қонды және жоғары білімнің шоғырлануын ескеретін кешенді типологияны ұсынады.
Жанар Арғынбаева
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-09-302026-09-3091313615110.52536/2788-5860.2026.91.3.010ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН КӨПӨЛШЕМДІ ҮЛГІ
http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/478

Мақалада Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың тиімділігін бағалауға арналған көпөлшемді үлгі негізделеді. Зерттеудің мақсаты – халықаралық бағалау өлшемдерін ұлттық жағдайға бейімдеп, ұйымның қоғамдық сұранысқа сәйкестігін, нәтижелілігін, ресурсты пайдалануын, әлеуметтік ықпалын, ұйымдық әлеуетін, ашықтығы мен есептілігін бір жүйеде өлшеу. Салыстырмалы талдау, нормативтік құжаттарды зерделеу, нәтижелер тізбегін құру және теориялық ұғымдарды өлшенетін көрсеткіштерге айналдыру әдістері қолданылды. Алты бағалау бағыты, 0–5 балдық шкала, сандық көрсеткіштерді қалыпқа келтіру тәртібі және алдын ала салмақтар ұсынылды. Үлгі ұйымдарды бір тізімге механикалық түрде орналастырудан гөрі, әр ұйымның мықты және әлсіз жақтарын көрсететін бейін жасауға бағытталған. Оны тұрақты қолданар алдында сынақтан өткізіп, сенімділігі мен негізділігін тексеру қажет. Ұйымдарды тек қызмет саласы, ауқымы және нысаналы тобы ұқсас топтар ішінде салыстыру ұсынылады.
Алуа ЖолдыбалинаСалтанат ЕрмахановаСағыныш Ахантаева
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-09-302026-09-3091315216210.52536/2788-5860.2026.91.3.011ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ СУБЪЕКТИВТІ ӘЛ-АУҚАТЫНДАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ СЕНІМНІҢ РӨЛІ: ӨҢІРЛІК АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР
http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/573

Мақалада өңірлік айырмашылықтарды ескере отырып, Қазақстан халқының субъективті әл-ауқатындағы тұлғааралық сенімнің рөлі қарастырылады. Жалпыұлттық сауалнама деректері негізінде (N = 3006, Қазақстанның 20 өңірі) Спирменнің рангтік корреляция коэффициентін қолдану арқылы жақын әлеуметтік ортаның қарастырылған сегіз санатының барлығына деген сенімнің жалпыұлттық деңгейде өмірге қанағаттанумен оң және статистикалық мәнді байланыста екені анықталды. Алайда бұл байланыстың күші, ал жекелеген жағдайларда бағыты да өңірлер бойынша едәуір ерекшеленеді. Күтілген нәтижелерге қарамастан, отбасы мен жақын туыстарға деген сенім деңгейі ең жоғары болғанымен (тиісінше 98,4% және 96,1%), олардың субъективті әл-ауқатпен байланысы салыстырмалы түрде әлсіз болып шықты. Ал басшыға/жұмыс берушіге және көршілерге деген сенім неғұрлым ақпараттық предикторлар ретінде көрінді. Өңірлер бойынша ең тұрақты байланыс басшыға/жұмыс берушіге деген сенімге қатысты анықталды, бұл көрсеткіш іс жүзінде барлық өңірлерде статистикалық мәнді болды. Сонымен қатар теріс байланыстың жекелеген жағдайлары да анықталды (Ақтөбе облысы). Зерттеу нәтижелері партикулярлық және жалпыланған сенім теориясының Қазақстан жағдайында қолданылуын нақтылай түседі және өңірлік әлеуметтік саясат үшін практикалық маңызға ие.
Шырын ТленчиеваАлексей Белянин
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-09-302026-09-3091316317410.52536/2788-5860.2026.91.3.012ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ САНАСЫН МАНИПУЛЯЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІ
http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/458

Мақалада әлеуметтік желілер арқылы жаастар санасына ықпал етудің манипуляциялық әдістері микродеңгейіндегі талдау аясында қарастырылады. Зерттеу барысында циярлық ортадағы ақпараттық ағындардың құрылымы, пайдаланушылардың мінез-құлық ерекшеліктері және жеке тұлғаның қабылдау механизмедері талданды. Авторлар әлеуметтік желілерді қолданылатын манипуляциялық технологиялардың негізгі түрлерін жүйелеп, олардың жастардың дүниетанымы мен құндылықтық бағдарларына әсер ету тетіктерін айқындайды. Сонымен қатар онлайн кеңістікте белсенд әрекет ететін радикалды және деструктивті топтардың ақпарттық ықпал ету стратегиялары қарастырылады. Мақалада манипуляциялық контенттің жалған сенімдер қалыптастырудағы, сыни ойлауды әлсіретуддегі және қоғамдық пікірге жанама әсер етудегі рқлі кқрсетіледі. Циярлық коммуникация жағдайындағы ақпараттық ықпалдардың әлеуметтік және психологиялық салдарына талдау жасалады. Зерттеу нәтижелері жастар аудиториясына бағытталған ақпараттық манипуляциялардың таралу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Қорытынды бқлімде медиасауаттылықты арттыру, сыни ойлауды дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған практикалық ұсыныстар берілді.
Әкежан КеңесовАйдар Амребаев
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-09-302026-09-3091311810.52536/2788-5860.2026.91.3.001ЖАДТЫ САҚТАУ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛДЫҚ ТОПОНИМИЯНЫ ӨЗГЕРТУ
http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/552

1991-2024 жылдар аралығында Қазақстанның сегіз жүзден астам ауылдық елді мекендері атауларын өзгертті. Мақалада әдеттегі әкімшілік актілер сериясы ретінде емес, тәуелсіздік алғаннан кейін символдық және лингвистикалық кеңістікті тұрақты қайта өңдеу ретінде қарастырылады. Зерттеу атауын өзгерту туралы 1188 ресми шешімнің толық жиынтығына негізделген, оның 824-і ауылдық елді мекендерге қатысты. Айқын үлгі пайда болады. Кеңестік кезеңдегі идеологиялық және жеке есімдер алынып тасталды ал олардың орнына ландшафт, өлкетану және мәдени дәстүрлерден алынған қазақша атаулар берілді. Жұмысты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүргізді. Жиналған материалдарға сәйкес атауды өзгерту әкімшілік шеқарадан әлдеқайда шықты. Себебі өлкетану қалпына келтірілді, тарихи әңгімелер қайта жазылды және кеңістіктік өзін-өзі түсінудің ресми шеңбері қайта құрылды. Бұл үрдіс барлық аймақтарда біркелкі болмады. Мысалы: Түркістандағы елді мекендерінің 34,5% ал солтүстік аймақтарда 4% ғана. Мақалада ауылдық жерлердің атауын өзгерту жад кеңістігінің институционалды өзгеруін білдіреді.
Әлихан ШакеновТатьяна Дронзина
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-09-302026-09-30913193310.52536/2788-5860.2026.91.3.002ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ
http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/459

Мақала Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі экологиялық қауіпсіздіктің рөлі мен орнын анықтауға арналған, мақаланың мақсаты - ұлттық қауіпсіздік түрі ретінде экологиялық қауіпсіздіктің ерекшелігін анықтау, оны қамтамасыз етудің саяси-құқықтық тетіктерін анықтау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қарау.

Зерттеудің міндеттеріне нормативтік-құқықтық базаны, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, экологиялық қауіптерді бағаламау кезіндегі тәуекелдерді және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ететін институционалдық механизмдерді талдау кіреді. Зерттеудің әдіснамалық негізіне салыстырмалы саяси талдау, ресми құжаттардың контент-талдауы, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлардың өзара әрекеттесуін бағалауға жүйелі көзқарас элементтері кіреді.

Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздіктің декларативті сипатқа ие екендігін және оны Ұлттық қауіпсіздік шеңберінде институционализациялауға жүйелі көзқарасты талап ететіндігін растайды. Бұл зерттеудің маңыздылығы оның экологиялық өлшеу арқылы оны кеңейте отырып, қауіпсіздік туралы саясаттану дискурсының дамуына үлес қосатындығында, сонымен қатар осы саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар ұсынады.
Нурзат БайбусыновМарина ОнучкоӘйкерім Тұрынтаева
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-09-302026-09-30913344310.52536/2788-5860.2026.91.3.003ЦИФРЛЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/433

Мақалада шетелдік тарихнамадағы 18 ғасырдың ортасы мен 19 ғасырдағы Ресей империясының көшпенді қазақтарға қатысты мәдени отарлау саясатының зерттелінуі талданады. Мұнда шетелдік тарихнамада түрлі теориялық және концептуалдық қағидалар мен дерек көздері негізінде бұл өзекті мәселенің қалай талданғаны және оған баға берілгеніне ерекше мән беріледі. Осы бағытта мақалада Ресей империясының қазақ даласындағы отарлық саясаты мен мәдени отарлауындағы түбегейлі өзгерістер мен бетбұрыстарымен қатар, оның салдары мен сәтсіздіктері де тереңнен қарастырылады. Мақалада еуропалық ағартушылық, христиан діні, «өркениеттік миссия» мен «ориентализм» дискурстары негізінде Ресейдің қазақтарға қатысты көзқарасы мен дүниетанымы, отарлау саясатын жүргізуі, ислам дінін тарату, сонымен қатар шоқындыру, орыстандыру және отырықшы өмірге көшіру бағытындағы түрлі іс-шаралары мен амалдары сынды мәселелер кешені талданады. Бұған қоса Ресей империясының қазақ қоғамына терең әлеуметтік және мәдени өзгерістерді алып келуі, сондай-ақ қазақтарды шоқындыру мен орыстандыру саясатының идеологиялық негіздері, барысы, ерекшеліктері және нәтижесі талданып, баға беріледі.
Толкын АуелгазинаГульмира ШерьяздановаБибигуль БюлегеноваМейрамкул Исаева
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-09-302026-09-30913446010.52536/2788-5860.2026.91.3.004СТУДЕНТТІК КЛУБТАР УНИВЕРСИТЕТ ОРТАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК КАПИТАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕХАНИЗМІ РЕТІНДЕ (ALMAU КЕЙСІ НЕГІЗІНДЕ)
http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/507

Бұл мақалада студенттік клубтар мен қауымдастықтардың университет ортасында қоғамдық сенімді қалыптастыру және әлеуметтік капиталды жинақтау механизмі ретіндегі рөлі жан-жақты зерттеледі. Зерттеудің әдіснамалық негізі теориялық талдау мен Almaty Management University (AlmaU) студенттік клубтарының қызметін зерделеуге бағытталған кейс-стади әдісінің жиынтығынан тұрады. Жұмыс барысында В. Тинтоның интеграция теориясы, А. Астиннің қатысу моделі, Р. Майердің ұйымдық сенім концепциясы және Р. Патнэмдің әлеуметтік капитал теориясы негізге алынды. Зерттеу нәтижелері студенттік клубтардың студенттерді әлеуметтік интеграциялаудың негізгі арнасы екенін, сондай-ақ «көпірлік» (bridging) әлеуметтік капиталды дамыту арқылы сыртқы байланыстарды нығайтатынын көрсетті. Студенттік ұйымдар азаматтық қоғамның «институционалдық шағын моделі» ретінде қарастырылып, онда қалыптасқан әлеуметтік капитал демократиялық институттардың тұрақтылығын анықтайтын фактор ретінде негізделген. Сонымен қатар мақалада студенттік бастамаларды институционалдандыру процесі мен психологиялық қауіпсіздік жағдайларының университет әкімшілігі мен студенттер арасындағы вертикалды сенімді арттырудағы маңызы негізделген. Тұжырымдар студенттік өзін-өзі басқарудың мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асырудағы және қоғамның саяси мәдениетін жаңғыртудағы стратегиялық маңызын дәлелдейді.
Айжан АрынКамран ГусейновАрдақ Балықбаева
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-09-302026-09-30913617510.52536/2788-5860.2026.91.3.005ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЦИФРЛЫҚ МӘДЕНИ ДИПЛОМАТИЯСЫ: ШЫҒЫС АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/487

Цифрлық дипломатияның қарқынды дамуы бүгінде халықаралық қатынастарда цифрлық мәдени дипломатияның кеңінен қолданылуын қамтамасыз етті. Бұл мақалада Азиядағы, әсіресе Қытайдағы, Корея Республикасындағы және Жапониядағы Қазақстанның цифрлық мәдени дипломатиясының құралдары мен тәжірибелері әртүрлі тұрғыдан қарастырылады және оның даму динамикасы талданады.

Зерттеудің мақсаты - жұмсақ күш пен конструктивизм теорияларына сүйене отырып, шетелдік аудиторияға бағытталған және технологиялық өзгерістер аясында мемлекеттің қатысуымен жүзеге асырылатын мәдени дипломатиядағы цифрлық жобалар мен бастамаларды талдау. Шетелде мәдениетті насихаттау үшін жергілікті және халықаралық цифрлық платформаларды пайдаланатын мемлекеттік емес субъектілердің - диаспоралардың, блогерлердің және мәдени делдалдықтардың қызметіне, сондай-ақ осы тәжірибелердің маңыздылығы мен артықшылықтарын салыстырмалы талдауға ерекше назар аударылады.

Зерттеу сапалы аналитикалық әдістерге негізделген және цифрлық мәдени дипломатияның күшті, әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін анықтау үшін қосымша SWOT талдауын пайдаланады. Зерттеу нәтижелері Азия тәжірибесін бейімдеу және мәдени насихаттау үшін Қазақстанның контент стратегиясын жаңғырту қажеттілігін көрсетеді. Ұзақ мерзімді мақсат - Азиямен бірлескен жобалар санын көбейту және ұлттық әлеуметтік мұраға негізделген ойындық технологияларды құру.
Тахира КамалджановаЗәмза Қожахмет
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-09-302026-09-30913769310.52536/2788-5860.2026.91.3.006ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ МҰРАСЫН САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ: ҚАЗІРГІ ҮРДІСТЕР МЕН БАСЫМДЫҚТАР
http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/461

Қазақстанда этномәдени мұраны қорғауға бағытталған институционалдық тетіктер айтарлықтай жаңартылғанымен, өңірлік деңгейде іске асыру тәжірибесінде айқын теңгерімсіздіктер сақталуда. Осыған орай, бұл мақала мемлекеттік мәдени саясаттың құқықтық емес, тікелей қолданбалы өлшемдеріне – инфрақұрылымдық теңсіздіктерді жоюға, цифрлық шешімдерді енгізуге және жергілікті қауымдастықтарды тартуға басымдық береді. Авторлар аталған салада мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалайтын жаңа индикаторлық матрица ұсына отырып, сала сарапшыларымен жүргізілген сұхбаттарға негізделген эмпирикалық деректерді талдайды. Нәтижесінде, қатаң орталықтандырылған басқарудан қоғамдық қатысуға көшу арқылы этномәдени мұраны сақтау жүйесінің орнықты дамуын қамтамасыз ететін нақты механизмдер негізделген. Сонымен қатар, зерттеу барысында аймақтық мәдени кластерлер құру және «Мәдени паспорт» жүйесін енгізу сияқты инновациялық шешімдер ұсынылды. Бұл шаралар тек тарихи жәдігерлерді сақтап қана қоймай, цифрлық мұраны креативті экономикада пайдалануға бағытталған. Ұсынылған нәтижеге бағдарланған модель Қазақстанның мәдени саясатын халықаралық стандарттарға жақындатып, басқаруды децентрализациялауға нақты негіз қалыптастырады.
Нұржан Болатұлы Данагүл Көпежанова Теңгеш Каленова Гаухар Абдрахманова
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-09-302026-09-309139411010.52536/2788-5860.2026.91.3.007