https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/issue/feedҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР2025-12-19T10:30:05+05:00Алмас АрзыкуловAlmasalsunkari@gmail.comOpen Journal Systemsжурналhttps://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/407ҚОҒАМ ГУМАНИЗАЦИЯСЫ МЕН ПЕНИТЕНЦИАРЛЫ ЖҮЙЕНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ2025-11-05T11:35:26+05:00 Толганай Мустафинаmustafina_tv@bk.ruФарида Мусатаеваf.mussatayeva@mail.ruТалгат Калиев talgat.kaliyev@gmail.com
Аңдатпа.

Мақалада Қазақстанның пенитенциарлы жүйесінің гуманизациясы халықаралық тәжірибе негізінде қарастырылады. Жазалау феномені Фуко мен Агамбен идеялары тұрғысынан зерделеніп, пенитенциарлы жүйе әділеттілік пен гуманизмді бейнелейтін әлеуметтік институт ретінде сипатталады. Авторлар «Мандела ережелері» мен отандық заңнамаларды саралай отырып, ресоциализация, реабилитация бағдарламаларының, соның ішінде «Түрмедегі философия» секілді бастамалардың тиімділігіне назар аударады.

Зерттеудің эмпирикалық бөлімі Қазақстандағы түзету мекемелеріндегі жазасын өтеп жүрген азаматтар тарапынан қазіргі кездегі түзеу тәжірибесін қабылдауын анықтайтын сауалнаманы қамтиды.

Авторлар пенитенциарлы жүйенің гуманизациясына мемлекеттік құрылымдармен қатар, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық қайраткерлер ретінде азаматтық қоғамның белсенді қатысуы маңызды деген тұжырымға келеді. Сотталған азаматтар арасында сыни ойлау дағдыларын дамытатын бағдарлама енгізу бойынша ұсыныс беріледі. Мұндай бағдарлама сотталған азаматтардың реинтеграциясына ықпалдасып, пенитенциарлы жүйе гуманизациясы арқылы жалпы қоғамның құндылықтық тұрғыда трансформациясына жағымды әсер ете алады.
2025-12-19T00:00:00+05:00Авторлық құқық (c) 2025 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІРhttps://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/398МЕМЛЕКЕТТІК ОТБАСЫ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІН ТАЛДАУ2025-11-05T11:39:02+05:00Енлік ЕрмекбаеваEnkosha_86_86@mail.ruҚарғаш Жанпейісоваzhanpeissova_kd@enu.kzДәурен Примбетовprimbetov_ds@enu.kz
Аңдатпа:

Бүгінгі таңда отбасылық қатынастар әлемдік жаһанданумен байланысты жаңа сын қатерлерге ұшырауы салдарынан, мемлекеттік отбасылық саясат тақырыбы бүкіл әлемдегі ғылыми қоғамдастықтың назарын аударып отыр. Әлемнің көптеген елдерінде бұл мәселені зерттеуге қызығушылықтың артуына қарамастан, Қазақстанда отбасы саясаты мәселелері бойынша зерттеулердің жеткіліксіздігі байқалады. Қазіргі таңда отбасылық және демографиялық мәселелер әлеуметтік, мемлекеттік саясаттың, қоғамның және жалпы ғылымның назарында болуы маңызды. Заманауи отбасының тұрақтылығы мәселелері де назардан тыс қалмауы керек. Бұл мәселе отбасылық ажырасудың жай-күйі мен динамикасынан, олардың әлеуметтік-типологиялық және аймақтық аспектілерінен, ажырасу себептерінен, неке құндылықтарынан тұрады. Осы тұрғыдан, қазіргі кезеңде әлемнің көптеген елдері мемлекеттің отбасы саясатын жүзеге асырудың тиімді жолдарын іздестіруде. Бұл саладағы мемлекеттік саясаттың шараларын жетілдіру теориялық концепциялар мен тәсілдемелерді жан-жақты зерттеуді талап етеді.

2025-12-19T00:00:00+05:00Авторлық құқық (c) 2025 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІРhttps://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/454ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӨНІМДІЛІГІНІҢ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ТӘЖІРИБЕЛЕРДІҢ ДРАЙВЕРІ РЕТІНДЕ 2025-10-21T15:23:17+05:00Еңлік Досымханyenglik89@mail.ruМарал Жанарстановаzhanarstanova@gmail.comМайра Дюсембековаmaira.enu@mail.ru
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен тағылымдамалар оқытушыларға халықаралық білім беру жүйелерінен әртүрлі оқыту әдістемелерін үйренуге және енгізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде білім беру сапасын арттырып, инклюзивті тәжірибелерді дамытуға ықпал етеді.

Оқытушылардың әртүрлі академиялық ортада тәжірибе жинақтауы олардың жаңа дағдылар мен көзқарастарға ие болуына, халықаралық кәсіби байланыстар орнатуына, білім беру сапасын жақсартуға, мәдени алмасуды ілгерілетуге, серіктестікті нығайтуға және тәжірибені байытуға септігін тигізеді.

Бұл зерттеу Қазақстандағы жоғары білімді интернационалдандырудың бөлігі ретінде халықаралық алмасу бағдарламалары мен тағылымдамалардың оқытушылардың ғылыми-зерттеу және кәсіби өнімділігіне әсерін қарастыруды мақсат етеді. Сонымен қатар, зерттеу инклюзивті білім беру тәжірибесін дамытуға олардың қосқан үлесін бағалауды да көздейді.

Зерттеудің мақсаты екі зерттеу сұрағына жауап беру арқылы іске асырылды. Әдістеме әдебиеттерге шолу мен сауалнама арқылы жүргізілген эмпирикалық талдауды біріктіреді. Респонденттер Қазақстандағы 10-нан астам жоғары оқу орындарының оқытушылары болып табылады (n=51). Алмасу бағдарламасының түрі мен тағылымдама өткен елдің географиялық орнына қарамастан, респонденттер халықаралық білім берудің бірнеше бағытта пайдалы болғанын тұрақты түрде атап өтті.
2025-12-19T00:00:00+05:00Авторлық құқық (c) 2025 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІРhttps://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/389ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДӘСТҮРЛЕРДІ ОЙЛАП ТАБУ ҮДЕРІСІ ЖӘНЕ САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ2025-10-10T10:46:51+05:00Карлыгаш Нугмановаpolitassoc@mail.ruЭльмира Кагазбаеваkagazbaeva.e@gmail.comМадина Омароваmadina74.04@mail.ru
Мақалада 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстандағы дәстүрлерді ойлап табу және қайта жаңғырту үдерісі қарастырылады. Авторлар Э. Хобсбаумның жады саясаты теориясы мен конструктивистік көзқарасқа сүйене отырып, бұл дәстүрлердің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы және мемлекеттілікті нығайтудағы рөлін талдайды. Мақалада ақсақалдар институтының жаңғыруы, Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы, Наурыз мейрамы мен діни әдет-ғұрыптар туралы мысалдар қарастырылып, олардың әлеуметтік, саяси және мәдени салдары айқындалған. Кейбір салт-дәстүрлердің жағымсыз жақтарына ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижесінде дәстүрлерді қоғамның үйлесімді дамуына және қазақстандық бірегейліктің нығаюына ықпал ететін заманауи құндылықтар контексінде сыни тұрғыдан түсіну қажеттігі туралы қорытынды жасалады.

Осылайша, дәстүрлерді ойлап табу үдерісін мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыруға, билікті нығайтуға және әлеуметтік интеграцияға әсер ететін күрделі әлеуметтік-саяси үдеріс ретінде қарастыруға болады. Қазақстан жағдайында бұл үдеріс дәстүрлі институттардың қайта жаңғыруын да, саяси бағытты заңды деп тануға және мемлекеттік егемендікті нығайтуға ықпал ететін жаңа ұлттық рәміздерді жасауды да қамтиды.
2025-12-19T00:00:00+05:00Авторлық құқық (c) 2025 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІРhttps://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/412ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ2025-11-24T12:15:00+05:00Алуа Жолдыбалинаzholdybalinaalua@gmail.comСалтанат Ермахановаessaltanat@gmail.comСағыныш Ахантаева Ахантаева2000astana@gmail.com
Ұлт, мемлекет және азаматтық қоғам – қоғамның тұрақты дамуы мен әлеуметтік үйлесімін қамтамасыз ететін негізгі құрылымдар. Солардың ішінде азаматтық қоғам жеке адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдырып, қоғамдық игілікті арттыруға қызмет ететін маңызды әлеуметтік институт ретінде танылады. Оның мәнін түсіну мен күнделікті өмірде қабылдануы әр елдің тарихи тәжірибесі мен мәдени ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады.

Қазақстан жағдайында азаматтық қоғам ұлттық жаңғыру мен мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылып отыр. «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының аясында мемлекет қоғамдық бастамаларды қолдап, азаматтардың белсенділігін арттыруға көңіл бөліп келеді. Осындай өзгерістер қоғам мүшелерінің азаматтық қоғам туралы түсінігінің деңгейін зерттеуді өзекті етіп отыр.

Бұл мақалада халықтың «азаматтық қоғам» ұғымын қалай қабылдайтыны және оның мазмұнын қалай түсінетіні зерделенеді. Ұғымның ақпараттық кеңістікте жиі қолданылатынына қарамастан, оны көпшілік үстірт әрі әртүрлі мағынада қолданатыны анықталды. Әсіресе жастар арасында түсініктің әлсіз болуы азаматтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ағартушылық жұмыстың қажет екенін көрсетеді.
2025-12-19T00:00:00+05:00Авторлық құқық (c) 2025 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІРhttps://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/450ОРТА АЗИЯДАҒЫ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНДАҒЫ ЖҰМСАҚ КҮШ: РЕСЕЙ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ СТРАТЕГИЯЛАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ2025-11-28T11:31:57+05:00Ермек Чукубаевyermek.chukubayev@narxoz.kzРысбек ӨтелбайRysbek.utkelbay@narxoz.kzСұлтанбек Қайым sultanbek.kaiym@narxoz.kz
Бұл мақалада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) аясындағы «жұмсақ күштің» рөлі қарастырылады, негізгі назар Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы бәсекелес және тоғысатын стратегияларына аударылады. Көбінесе ШЫҰ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық пен экономикалық интеграция тұрғысынан зерттелгенімен, оның мәдени және нормативтік өлшемдері Еуразияның геосаяси кеңістігін барған сайын айқындап отыр. Ресей аймақтағы ықпалын сақтау үшін өзінің тарихи және тілдік мұраларына, соның ішінде мәдени дипломатияға, БАҚ ықпалына және білім беру бағдарламаларына сүйенуді жалғастыруда. Ал Қытай «Бір белдеу, бір жол» бастамасын Конфуций институттары, шәкіртақылық бағдарламалар және жаңа медиа платформалар арқылы мәдени дипломатиямен байланыстыра отырып, «жұмсақ күш» құралдарын кеңейтті. Талдау көрсеткендей, Ресейдің «жұмсақ күші» тарихи жақындыққа негізделгенімен, ол ұрпақаралық әлсіреуге ұшырауда, ал Қытайдың жылдам дамып келе жатқан «жұмсақ күші» аймақ халықтарының шамадан тыс тәуелділікке қатысты күдігін тудырады. Осылайша, ШЫҰ ынтымақтастық тетігі ғана емес, сонымен қатар Ресей мен Қытай өздерінің ықпал ету стратегияларын сынап көретін жасырын бәсекелестік алаңы болып табылады. Зерттеу қорытындысында ШЫҰ шеңберіндегі «жұмсақ күш» бәсекелестігінің эволюциясы Орталық Азияның болашақ бағыттарын және қалыптасып келе жатқан көпполярлы әлемдік тәртіпке қосатын үлесін айқындаушы факторға айналатыны атап өтіледі.

Түйін сөздер: Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ); жұмсақ күш; Орталық Азия; Ресей; Қытай; «Бір белдеу, бір жол» бастамасы; мәдени дипломатия; Еуразия; көпполярлылық; ықпал стратегиялары

2025-12-19T00:00:00+05:00Авторлық құқық (c) 2025 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІРhttps://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/385ӘЛЕМДІК ГЕОСАЯСИ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ2025-10-20T08:57:53+05:00Сәуле Түркееваturkeeva2021@mail.ruЖұлдыз Турекуловаturekulova74@mail.ruЖасулан Орынбаев zhassulan.orynbayev@gmail.com
Мақалада қазіргі кездегі әлемдік геосаяси тұрғыдағы күрделі жағдайдың жалпы үрдістері мен заңдылықтары қарастырылып, қалыптасқан саяси жағдайларға әлемдік көшбасшылыққа талас барысындағы жаңа әлемдік тәртіп құру бойынша көзқарастар мен теорияларға талдау жасалынады. Әлемдік саясаттың негізгі проблемаларының желісінде және жалпы теориялық көзқарастар шеңберінде тәжірибелік мәселелер айқындалады. Геосаяси жағдайдың тұрақсыздыққа ұшырауының негізгі себептерінің бірі ретінде, геосаяси дуалистік заңдылық шегінде теңіз державалары мен құрлықтық державалар арасындағы ұзақ тарихи жолы бар күрестің көрінісі қарастырылады. Жаңа геосаяси акторлар ретіндегі трансұлттық компаниялардың рөлі және мемлекеттердің егемендігіне ықпалы деңгейіне талдау жасалынады. Геосаяси тұрғыдағы стратегиялық маңызы бар ресурстар үшін бәсекелестік, аумақтық даулар, мемлекетаралық кикілжіңдер, түрлі аймақтардағы қақтығыстар жаһандық тұрақтылыққа төнетін негізгі қатерлер түрінде қарастырылады. Геосаяси жағдай және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінің өзара байланысы қарастырылады. Орталық Азия аймағының геосаяси жағдайы, мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілу деңгейі зерттелінеді. Орталық Азия аймағына қатысты Батыс әлемі, Қытай, Ресей, Түркия түріндегі аймақтық жетекші күштердің геосаяси мүдделеріне салыстырмалы талдау жасалынады. Жаһандық жағдайдағы әлемдік саяси үдерістер шеңберінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.
2025-12-19T00:00:00+05:00Авторлық құқық (c) 2025 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР