ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd
журналКИСИ при Президенте РКuk-UAҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР2414-5696ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: АВТОМАТТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ БЕЛГІСІЗДІГІ
https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/531

Бұл мақалада жаһандық және ұлттық еңбек нарықтарында жасанды интеллект (ЖИ) енгізудің әлеуметтік салдары талданады. Дүниежүзілік экономикалық форумның, Халықаралық еңбек ұйымының, McKinsey Global AI Survey, PwC Global Workforce Hopes and Fears Survey деректерін және Қазақстаннан алынған ұлттық дереккөздерді пайдалана отырып, мақалада жұмыс орындарын құру мен жою ауқымы, генеративті ЖИ-ге кәсіби әсер ету деңгейі, гендерлік және аймақтық теңсіздіктер және жұмысшылар арасында жұмыспен қамту белгісіздігінің артуы қарастырылады. Әдістеме ресми статистика мен сауалнамалардың екінші реттік сандық талдауы болып табылады. Нәтижелер жұмыс орындарының таза өсуін, бірақ бар лауазымдардың айтарлықтай өзгеруін, жұмысшылардың GenAI-ге ұшырауын және компаниялардың жоғары пайызында жұмыс күшінің қысқаруы күтілетінін көрсетеді. Қазақстанда функциялардың жартысына дейіні ішінара автоматтандырылады, бұл 2,2 миллион адамға дейін әсер етеді. Теңсіздіктің арту қаупі, психологиялық стресс және қайта даярлау саясатының қажеттілігі талқыланады. Мақалада «алмастыру» парадигмасынан еңбекті «трансформациялауға» ауысу атап өтіледі және әлеуметтік қорғау бойынша ұсыныстар ұсынылады.
Алимжан Есенов Нұрлан Байгабылов
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-06-292026-06-2990210.52536/2788-5860.2026.90.2.009ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КАПИТАЛ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІК
https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/464

Роберт Патнам ұсынған этникалық әртүрлілік пен әлеуметтік капитал (әлеуметтік сенім және нетворкинг) арасындағы теориялық тұжырымға сүйеніп, этникалық әртүрлілік сенімнің төмендеуіне және АҚШ контекстінде нетворкингтың құлдырауына әкеледі деп санайды. Салдарынан жеке адамдар тасбақадай қабығына тығылып, қоғамдық өмірден алшақтайды. Бұл мақала этникалық әртүрлілік пен әлеуметтік сенім мен нетворкингтың Қазақстандағы ара-қатынасын зерттеуге бағытталған. Зерттеуде Дүниежүзілік құндылықтар деректері (2018-2020) және Қазақстанның Ұлттық статистикалық бюросы деректері қолданылады. Мақалада Этникалық әртүрліліктің Хиршман-Херфиндаль индексін есептеу арқылы Қазақстан аймақтары этникалық біртекті және гетерогенді аймақтарға бөлінген. Сонымен қатар, Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласы бойынша әлеуметтік сенім мен нетворкинг туралы деректер Дүниежүзілік құндылықтар зерттеуінен алынған. Этникалық әртүрлілік пен әлеуметтік сенім/нетворкинг арасындағы байланыс корреляциялық талдау арқылы зерттеледі. Нәтижесінде этникалық әртүрлілік пен әлеуметтік сенім кері байланыста екені көрсетіледі, ал нетворкинг пен этникалық әртүрлілік арасында статистикалық тұрғыда тұрақты байланыс жоқ екені көрсетіледі.
Гүлнұр МақұлбаеваЖұлдыз ДавлетбаеваЖанерке КочиигитАйдана Мақұлбаева
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-06-292026-06-2990210.52536/2788-5860.2026.90.2.010МҰҒАЛІМДІК МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАУДЫҢ МОТИВАЦИЯЛАРЫН ЗЕРТТЕУ: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ САПАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/513

Бұл сапалық зерттеу Қазақстанның Алматы қаласындағы қазіргі мұғалімдердің мансап ретінде мұғалімдікті таңдауының себептерін зерттейді. Соңғы жылдарда байқалатын демографиялық өзгерістер мен мұғалімдерге деген сұраныстың артуы аясында зерттеу мансап таңдауына әсер ететін факторларды және мұғалімдердің ұстаздықтан кетуінің салдарын талдайды. Тереңдетілген сұхбаттарды пайдалана отырып, мемлекеттік мектептерде қызмет атқаратын 20 мұғалімінен деректер жиналды. Браун мен Кларк ұсынған 6 сатылы тақырыптық талдауға сәйкес материалдық және материалдық емес деп жіктелген бірқатар себептер анықталды. Нәтижелер жалақы, жұмыс қауіпсіздігі, жеке қанағаттанушылық, альтруизм және отбасылық ықпал сияқты факторларды қамтиды. Зерттеу мансаптық шешімдердегі ішкі және сыртқы мотивациялардың күрделі өзара әрекеттесуін көрсетумен қатар, мұғалімдер тапшылығын шешу және Қазақстандағы мамандық ретінде мұғалімдіктің тартымдылығын арттыру туралы түсінік береді.
Еділ НурымбетовАйжан ШабденоваДинара Муканова
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-06-292026-06-2990210.52536/2788-5860.2026.90.2.011ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЕҰ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ
https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/471

Бұл мақалада Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бері уақытта мемлекеттік билік органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өзара іс-қимылының эволюциясы, институционалдануы және практикалық нәтижелері қарастырылды. Мемлекеттік саясатты талдаудың сапалық тәсілін қолдана отырып, зерттеу үшінші сектордың дамуын қалыптастырған заңнамалық базаны, тұжырымдамалық мемлекеттік құжаттарды, азаматтық форумдарды және қаржыландыру тетіктерін зерделейді. Нәтижелер Қазақстанда мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы әріптестіктің салыстырмалы түрде тұрақты моделі қалыптасқанын көрсетеді және қолдаудың формальді құралдары мен консультациялық платформалар арқылы іске асып отырғаны анықталды. Сонымен қатар, ҮЕҰ дамуында өңірлік теңсіздік, қатысу мәселелеріндегі формализм және ҮЕҰ көрсететін қызметтердің сапасын бағалаудың шектеулілігі сияқты жүйелі проблемалар сақталуда. Мақала посткеңестік елдердегі азаматтық қоғамның дамуын түсінуге үлес қосып, үшінші секторды дамытуда инклюзивті басқаруды нығайту бойынша практикалық ұсынымдар әзірленді.
Еркебұлан Жұмашов Нұрбек Пұсырманов
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-06-292026-06-2990210.52536/2788-5860.2026.90.2.001ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ: 2021–2025 ЖЫЛДАРДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕР МЕН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ШЕКТЕУЛЕР
https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/466

Аңдатпа. Мақалада Қазақстанда 2021–2025 жылдарға арналған креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасы аясында креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы талданады. Нормативтік-құқықтық актілерді және ресми статистикалық деректерді талдау негізінде қол жеткізілген нәтижелер бағаланып, саланың дамуын шектейтін институционалдық кедергілер айқындалады. Зерттеу нәтижелері қосылған құнның, субъектілер мен жұмыспен қамтылғандардың саны оң динамика көрсеткенімен, креативті индустриялардың экономикадағы нақты үлесі шектеулі болып қалып отырғанын және оның аумақтық тұрғыда жоғары шоғырлануымен сипатталатынын көрсетеді. Мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі кедергілері ретінде басқару жүйесінің фрагментарлығы, инфрақұрылымдық қолдаудың біркелкі еместігі және іске асыру тетіктерінің шектеулілігі негізделеді.
Амина Урпекова
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-06-292026-06-2990210.52536/2788-5860.2026.90.2.002ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОНФЕССИЯЛЫҚ КЕҢІСТІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ САЯСИ СТРАТЕГИЯСЫ: КЕЗЕҢДІК ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ТАЛДАУ
https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/523

Мақала Қазақстан Республикасының конфессиялық кеңістігін мемлекеттік реттеудің саяси стратегиясын кезеңдік және аймақтық талдау арқылы зерттейді. Зерттеудің негізгі гипотезасы: Қазақстанның конфессиялық саясаты аймақтық конфессиялық диспропорцияны есепке алмайтын бірыңғай ұлттық стратегия нысанында жүзеге асырылуда, бұл оның превентивтік тиімділігін жүйелі тұрғыда шектейді. Контент-талдау мемлекеттік нормативтік дискурстың үш семантикалық кезеңнен – «бостандық» → «бақылау» → «қауіпсіздік» өткенін айқындайды. Кезеңдік талдау либерализация (1991-2000), институционализация (2000-2015) және секьюритизация (2015-бүгінгі күнге дейін) кезеңдерінің ішкі логикасын ашады. Аймақтық деректер Қазақстан территориясын конфессиялық саяси тәуекелдің үш аймаққа нақты бөлінетінін дәлелдейді: оңтүстік моноконфессиялық, солтүстік биконфессиялық және мегаполистік белгісіздік аймағы. Зерттеу тұжырымдары конфессиялық кеңістікті реттеудің дифференцирленген аймақтық стратегиясын қалыптастыруға арналған саяси ұсынымдардың ғылыми негізі ретінде қызмет ете алады.
Шолпан ЖандосоваМархаббат НуровАсем Кашкинбаева
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-06-292026-06-2990210.52536/2788-5860.2026.90.2.003ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ ТЕТІКТЕРІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ТИІМДІЛІГІ
https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/543

Мақалада Қазақстан Республикасында мемлекеттік активтерді басқару тетіктерін стратегиялық жаңғырту мәселелері және олардың институционалдық тиімділігі жан-жақты зерттеледі. Зерттеу тақырыбының өзектілігі экономикадағы мемлекеттік сектор үлесінің жоғары болуымен және мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру қажеттілігімен негізделеді.

Зерттеудің мақсаты – мемлекеттік активтерді басқарудың қолданыстағы жүйесін талдау, институционалдық шектеулерді айқындау және оны жетілдіру бағыттарын ғылыми тұрғыда негіздеу. Зерттеу барысында институционалдық, салыстырмалы және жүйелік тәсілдер қолданылды.

Талдау нәтижесінде басқару жүйесінің тиімділігі әркелкі сипатқа ие екендігі, агенттік мәселелердің бар екендігі және ашықтық деңгейінің жеткіліксіздігі анықталды. Осыған байланысты институционалдық, экономикалық-аналитикалық және технологиялық блоктарды қамтитын жаңғыртудың тұжырымдамалық моделі ұсынылды. Сонымен қатар, басқару тиімділігін арттыру үшін негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) және цифрлық басқару құралдарын енгізу қажеттілігі негізделді.

Ұсынылған шараларды іске асыру мемлекеттік басқару сапасын арттыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Айгүл КөшербаеваСагдат Нургазиев Ерлан Кылбаев Гайни Мұханова
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-06-292026-06-2990210.52536/2788-5860.2026.90.2.004ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: САЯСАТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ
https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/465

Мақалада Қазақстан Республикасында спорт саласын дамыту бойынша атқараылып жатқан мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен мәселелері талданып, спортты дамытудағы стратегиялық бағыттары көрсетіледі. Спорт саласы саясаттану ғылымы тұрғысынан зерттеуді қажет ететін маңызды, өзекті мәселе. Зерттеуде Қазақстан Республикасының спорт саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі басым бағыттарын жүзеге асыруда орын алып отырған олқылықтар бұқаралық пікір мен талдау негізінде анықталып, бірқатар шараларды жүзеге асыру қажеттілігі ұсынылады. Мемлекеттің спорт саласында жасалып жатқан жұмыстары мен жетістіктері де мол. Зерттеу барысында қазіргі жаһандану жағдайында бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру үшін мемлекеттік басқару мен ұйымдастыру тұрғысынан да осы саланы жетілдірілу қажеттілігі айқындалды. Оның ұлттық экономикаға әсері, туризм мен спорттық қызметтердің дамуына ықпал ететін стратегиялық ресурс ретіндегі рөлі маңызды.

Қазақстан Республикасының спорт саласындағы мемлекеттік саясатының мәнін, мақсаттары мен басым бағыттарын, сонымен қатар спортты дамытудағы стратегиялық бағыттарын көрсету үшін саясаттанулық талдау жасалып, ұсыныстар қолданбалы әдістер арқылы нақтыланып, ресми статистикалармен дәлелденіп, тұжырымдар ғылыми тұрғыда негізделді.
Олжас АкимовKargash ЖанпеисоваЖанат МомынкуловДаурен Примбетов
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-06-292026-06-2990210.52536/2788-5860.2026.90.2.005ЦИФРЛЫҚ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ.
https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/453

Аңдатпа. Қазіргі жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында ақпарат пен цифрлық технологиялар Қазақстан үшін экономикалық өсуді қамтамасыз ететін және ұлттық қауіпсіздікті нығайтатын негізгі стратегиялық ресурстардың біріне айналып отыр. Аталған ресурстар қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында, соның ішінде медиа кеңістікте де айрықша маңызға ие. Дегенмен ақпараттық қауіпсіздік деңгейінің жеткіліксіз болуы құпия деректердің таралуы мен қоғамдағы гуманитарлық құндылықтардың әлсіреуіне әкелетін елеулі қатерлерді туындатады.

Цифрландыру дәуірінде медиа технологиялардың қарқынды дамуы мен өзгеруі жағдайында гуманитарлық құндылықтарды сақтау мәселесі өзекті сипатқа ие болуда. Бұл мақалада Қазақстанның медиа саласындағы киберқауіпсіздік мәселелері талданып, цифрлық платформалардың киберқауіптерді таратудағы рөлі, сондай-ақ олардың саяси және әлеуметтік ықпал ету құралы ретінде қолданылу мүмкіндіктері қарастырылады. Сонымен қатар азаматтық қоғам мен әлеуметтік желілердің ақпараттық кеңістікке әсері сараланады.

Авторлар медиа саласында киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің кешенді тәсілін енгізудің маңыздылығын атап көрсетеді. Бұл тәсіл техникалық құралдарды (брандмауэрлер, жасанды интеллектке негізделген жүйелер, мониторинг), құқықтық реттеуді жетілдіруді, мамандарды даярлауды және тиімді әрекет ету тетіктерін қамтиды. Мақалада сонымен бірге цифрлық қатерлер жағдайында медианың тұрақтылығын арттыруға және гуманитарлық құндылықтарды қорғауға бағытталған ұлттық стратегияларды қалыптастыру жолдары ұсынылады.
Дәмелі НысанкуатоваГүлжан ХусаиноваНұргүл ИсматуллаеваБотакөз Нуралина
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-06-292026-06-2990210.52536/2788-5860.2026.90.2.006КЕҢЕС ДӘУІРІНДЕ ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/462

Мақалада Кеңес дәуірінде Орталық Азия елдерінде әйелдер арасындағы сауатсыздықты жоюдың тетіктері, кезеңдері мен салдары қарастырылады. Зерттеуде өңірдің мәдени, этникалық және әлеуметтік ерекшеліктеріне айрықша назар аударылған. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстандағы білім беру реформаларын жүзеге асыру жағдайлары талданып, гендерлік рөлдердің өзгеруі, әйелдердің білімге, кәсіптерге және қоғамдық қызметке қол жеткізу кеңеюінің өзіндік қырлары анықталған. Зерттеу барысында салыстырмалы және гендерлік талдау әдістері қолданылып, статистикалық деректерге, мұрағат материалдарына, бағдарламалық құжаттарға және орыс әрі ағылшын тілдеріндегі заманауи ғылыми еңбектерге сүйенілді.

Зерттеу нәтижелері мемлекеттік білім беру саясатының білімді әйелдер қатарының артуына, кәсіби мобильділікке және қоғамдық өмірге қатысуға айтарлықтай үлес қосқанын көрсетеді. Сонымен қатар патриархалдық көзқарастардың, діни және отбасылық дәстүрлердің сақталуы, теңдіктің ресми сипат алуы әйелдердің шынайы дербестігі мен мүмкіндіктерін шектеді. Талдау барысында эмансипацияның жарияланған мақсаттары мен түрлі ұлттық әрі жергілікті жағдайларда сақталып қалған әлеуметтік шектеулер арасындағы қайшылықтар айқындалды.

Қорытындысында Кеңес дәуіріндегі білім беру науқандары қоғамды жаңғыртудың маңызды факторы болғанымен, бірқатар дәстүрлі кедергілер мен модернизация мен патриархалдық практикалардың арасындағы қайшылықтарды сақтап қалғаны, сол арқылы өңірдегі гендерлік трансформация жолының ерекшелігін айқындағаны атап көрсетіледі.
Айнагул БекебаеваДаяна НурпеисоваҚанат Енсенов
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-06-292026-06-2990210.52536/2788-5860.2026.90.2.007ХX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ТАРИХЫ: КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ӨМІРБАЯНЫ МЕН ЗИЯТКЕРЛІК МҰРАСЫ
https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/463

Мақала Қазақстан мемлекеттілігінің дамуын қалыптастырудың негізгі факторы ретінде қарастырылатын ХХ ғасырдағы Қазақстанның зияткерлік тарихын кешенді талдауға арналған. Зерттеу көрнекті зиялыларға, олардың өмірбаянына және сол дәуірдің тарихи және әлеуметтік-мәдени ортасымен өзара әрекеттесуіне бағытталған. Мақалада зияткерлік тарихқа арналған шетелдік және отандық зерттеулерге шолу жасалады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы тарихи, мәдени және саяси талдауды біріктіретін ХХ ғасырдағы Қазақстанның зияткерлік тарихын дамытудың негізгі кезеңдерін пәнаралық зерттеуде жатыр. Нәтижелер Алаш қозғалысының зиялы қауымының көрнекті өкілдері қоғамдық сананың тасымалдаушысы және қоғамның зияткерлік дамуының стратегиялық ресурсы болғандығын көрсетеді. Тоталитарлық жүйенің, қуғын-сүргін мен ғылымның, мәдениеттің институционалдық өсуінің ықпалымен кеңестік кезеңдегі қоғамның трансформациясына, сондай-ақ қазіргі дәуірдегі мұра мен сын-қатерлерді қайта қарауға салыстырмалы талдау жүргізілді.
Майя УрузгалиеваРазия АсылгожинаВенера Жексембекова
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-06-292026-06-2990210.52536/2788-5860.2026.90.2.008