ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd uk-UA almas_a@kisi.kz (Алмас Арзыкулов) Almas_a@kisi.kz (Алмас Арзикулов) Tue, 10 Dec 2024 12:35:27 +0500 OJS 3.3.0.3 http://blogs.law.harvard.edu/tech/rss 60 ОРТАЛЫҚСЫЗДАНДЫРУ: ЭТНИКАЛЫҚ ИНКЛЮЗИВТІЛІК ФАКТОРЛАРЫ (СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА) https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/327
Бұл мақала негізгі факторларды және олардың аймақтағы этносаралық қатынастардың дамуына әсерін анықтау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижесі бойынша жазылды. Зерттеудің мақсаты -Солтүстік Қазақстандағы (Солтүстік Қазақстан облысының деректері бойынша) этносаралық қатынастардың даму үрдістері мен перспективасына әсер ететін және орталықсыздандыру процесінде ескерілуі тиіс факторларды анықтау. Бүгінгі таңда назар аударатын мәселе басқа елдерде дамыған орталықсыздандыру модельдерін қарапайым көшіруді көздейтін және қоғамда қалыптасқан құндылықтар мен мәдени-тарихи ерекшеліктерді ескермейтін технократизм идеологиясы болуы мүмкін. Осыған байланысты орталықсыздандыру процесінің күшеюімен этникалық инклюзивтілік факторларының ескерілуі маңызды.
Риззат Тасым,Ардақ Қапышев,Анна Свинарчук Авторлық құқық (c) 2024 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/327 Wed, 27 Nov 2024 00:00:00 +0500 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІНДЕГІ КӨШІ-ҚОН ПРОЦЕСТЕРІНІҢ РӨЛІ https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/343
Бұл мақала ұлт құрылысы және азаматтық бірегейлікті дамыту контекстіндегі 2009-2021 жылдардағы санақаралық кезеңдегі Қазақстан аумағындағы көші-қон процестері мәселелеріне арналған. Мақалада халықтың ішкі және сыртқы көші-қонындағы негізгі тенденциялар сипатталған. Халықтың көші-қон себептерін анықтау және оның ұлт құрылысы процесіне әсері ҚР ҒЖБМ ҒК қаржыландыратын BR18574231 «Қазақстандағы ұлт құрылысының ғылыми-әдіснамалық негіздері: көпэтносты қоғамның дамуының қазіргі жағдайларын, үрдістерін және проекциялық/бағалау модельдерін бағалау» зерттеуі шеңберінде жүргізілген социологиялық зерттеудің қорытындыларына негізделеді.

Осы мақаланы дайындауда ұлттық санақ және әлеуметтанулық зерттеу қорытындыларының деректерін талдаудың статистикалық әдісі (сандық әдіс) және салыстырмалы (компоративті) талдау қолданылды. Үшінші ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша өңірлер ескі әкімшілік-аумақтық шекараларда қалады, өйткені әкімшілік-аумақтық қайта құрулар 2022 жылы халық санағы жүргізілгеннен кейін жасалды.

Сандық әлеуметтанулық зерттеу-жаппай сауалнама еліміздің 20 өңірінде (Астана, Алматы және Шымкент республикалық маңызы бар қалалары және 17 облыс) жүргізілді.

Сондай-ақ, мақалада ұлт құру процесінде біріктіруші факторлар мен мигранттардың консалидациялық әлеуеті мәселелері қарастырылады.
Аяулым Сагынбаева,Дана Әшімханова,Талғат Қалиев Авторлық құқық (c) 2024 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/343 Wed, 27 Nov 2024 00:00:00 +0500 ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ТРАНСҰЛТТЫҚ КӨШІ-ҚОНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЯСИ САЛДАРЫ https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/302
Қазіргі кезде Орталық Азияда орналасқан Қазақстан мен Қытай шекарасындағы миграциялық саясат бойынша екі ел арасындағы шешуін таппай отырған мәселелер бар. Еліміздегі жастардың жұмыс іздеуі және оқуы мақсатында көрші Қытай еліне баруының трансұлттық көші-қон саласындағы саяси салдарын зерттеу өзекті мәселе. Осы бағытта, зерттеудің мақсаты - еліміздің жастарына қатысты трансұлттық көші-қонның негізгі себептері мен салдарын анықтау. Бұл зерттеуде жастардың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері анықталды. Жастардың әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған зерттеулер мен шешімдерді қабылдау мақсатында жас мигранттарға қатысты мемлекеттік және жергілікті атқарушы биліктерге арналған ұсыныстар берілді.

Мақала авторлары Қазақстан Қытаймен шекарасын ашқан жағдайдағы жастардың трансұлттық көші-қонының артуы белгілі бір саяси салдарға әкелетінін анықтады. Зерттеу барысында теориялық талдау әдістерімен қатар, соңғы 6 жылдағы жастар миграциясы бойынша статистикалық мәліметтер нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасалды. Зерттеу нәтижесінде Қазақстан жастарының Қытай еліне кетуінің негізгі себептері мен салдары анықталды. Зерттеу нәтижелерін еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын зерттеуде, жастар миграциясын зерттеушілерге қосымша материал бола алады. Сонымен қатар, зерттеу деректерін сыртқы миграция, саясаттану, әлеуметтану және жастардың көші-қон мәселелесі бойынша пайдалануға болады.
Саманта Нұрлан,Теңгеш Каленова,Хасан Йазыджы Авторлық құқық (c) 2024 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/302 Wed, 27 Nov 2024 00:00:00 +0500 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ДАМУЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕРМЕН ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ (1991-2021 жж.) https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/278
Бұл мақалада Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта 1991-2021 жылдар аралығында жақын және алыс шетелдермен қарым-қатынастар орнатуы, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени әріптестік байланыстары тарихи-саяси аспектіде қарастырылған. Соның ішінде жекелеген облыстар да аймақтық сыртқы саясатта шетелдермен қарым-қатынастар жасауы жеке зерттеу нысаны етіп алынған. Атап айтсақ, Жамбыл облысының өңірлік дамуына назар аударсақ, облыс әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып, шетелдермен әріптестік байланыстар орнатып, агроөнеркәсіп, тау-кен ісі, химия өнеркәсібі, фосфор, алтын өндіру, уран өндіру және тағы басқа салалар бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асырғандығы байқалады. Осындай Жамбыл облысының өңірік дамуын зерделеу үшін тарихнамалық әдебиеттерден Шетелдік және Отандық авторлардың еңбектеріне талдау жасалып, архив материалдары ғылыми айналымға тартылды.
Қанат Енсенов,Нұрбек Пұсырманов,Асем Кульбаева Авторлық құқық (c) 2024 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/278 Wed, 27 Nov 2024 00:00:00 +0500 АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/358
Мақалада Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың, соның ішінде ауылдық аумақтардағы даму жағдайы қарастырылады. Бұл бағытта бірқатар жетістіктерге қол жеткенімен, әлі де шешімін таппаған мәселелер бар.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуына әсер ететін саяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық факторларды түсінуге мүмкіндік беретін PEST талдау жүргізілген. Бұл әдіс Қазақстанның ауылдық аумақтарында басқару жүйесін жетілдіру жолдарын анықтауға септігін тигізеді. Мақалада ауылдық аумақтардағы жергілікті басқаруды дамыту бойынша ұсыныстар берілген. Нәтижелер мен қорытындылар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерімен айналысатын сарапшылар, ғылыми зерттеушілер және мемлекеттік органдар үшін пайдалы болуы мүмкін.
Елдос Жумагулов,Бибигуль Бюлегенова Авторлық құқық (c) 2024 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/358 Wed, 27 Nov 2024 00:00:00 +0500 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНА САЯСАТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/354
Қазіргі әлемдік тенденция көрсетіп отырғандай ақпараттық технологиялардың үстемдігіне байланысты білім беру саласының болашақ жетістігі цифрландыру жағдайына тікелей қатысты екені белгілі.

Білім беру саласының цифрландырылу мәселесі постиндустриалды дәуірдің принциптері мен құндылықтарын басшылыққа ала отырып, қазіргі қоғам өміріндегі ерекше рөлімен анықталатындығымен өзекті. Адам әлеуетінің сапасы және адамдардың табиғи және әлеуметтік қиындықтарға қарсы тұруға дайындығы білім беру жүйесінің тиімді жұмысына байланысты. Әлемдік тенденцияға сәйкес білім беруді жетілдіру үдерісінде жыл өткен сайын заманауи технологиялар маңызды рөл атқаруда. Цифрлық технологиялардың білім беруді модернизациялау мен дамытуға, сондай-ақ болашақ мамандарды дайындау сапасын арттыру арқылы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда және білім беруді ғылымға жақындатуға ықпал етеді. Бұл тұжырымдар қоғамдық қатынастардың маңызды саласы болып табылатын білім беру саласын цифрландырудың мемлекеттік саясатын іске асыру арқылы практикалық мәселелерді шешуге бағытталған. Мақаланың ғылыми-практикалық маңызы ғалымдардың, саясаткерлердің және азаматтық қоғам институттарының қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін күш-жігерін үйлестіруге мүмкіндік береді. Мақалада білім беру саласын цифрландыру жағдайын талдаудан алынған нәтижелер қазіргі қоғамның білім беру саясатын басқарудың іргелі мәселелеріне объективті және мазмұнды көзқарасқа мүмкіндік береді. Зерттеу қорытындысы білім беру саласын цифрландыру бойынша мемлекет саясатының басым бағыттарының жаңа нысандарын құруды ынталандыруға арналған.
Майра Дюсембекова,Нұрислам Исаев,Салтанат Жалмағамбетова,Алма Касымова Авторлық құқық (c) 2024 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/354 Wed, 27 Nov 2024 00:00:00 +0500 МОДЕРНИЗАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ӨЗГЕРУІНІҢ ӨЗАРА ӘСЕР ЕТУ ФАКТОРЛАРЫ: ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ТАЛДАУ https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/365
Мақалада Қазақстандағы жаңғырту үдерістері мен құндылықтардың трансформациясы арасындағы байланыс шетелдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып зерттелген. Автор кеңестік мұра, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық өзгерістердің қазіргі заманғы саяси мәдениет пен қазақстандық қоғамның құндылықтық жүйесін қалыптастыруға ықпалын талдайды. Инглхарттың дәстүрлі құндылықтардан постматериалистік құндылықтарға өту туралы тұжырымдамалары, сондай-ақ экономикалық өсу, урбанизация және демографиялық өзгерістердің құндылықтық трансформацияға әсері ерекше назарға алынған. Посткеңестік кезеңдегі қайта дәстүрлеу және көші-қон мен жаһандық үрдістер сияқты сыртқы факторлардың әсері қарастырылады. Қазақстанның тұрақты дамуы үшін дәстүр мен модернизацияны үйлестіру қажеттігі туралы қорытынды жасалады. Шығыс Еуропа мен Азия елдерінің тәжірибесі жаңғырту үдерісінде ұлттық ерекшеліктерді ескеру маңыздылығын көрсетеді. Жұмыста қоғамның үйлесімді дамуына қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық реформаларды мәдени және тарихи ерекшеліктермен үйлестірудің маңыздылығы атап өтілген.
Еркін Тұқымов Авторлық құқық (c) 2024 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/365 Wed, 27 Nov 2024 00:00:00 +0500 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛЫҚ БАСҚАРУ: ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ ЕЛДЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/344
Бұл зерттеуде Мемлекеттік қызмет саласындағы жобалық басқару (жобалық менеджмент) қарастырылады. Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның елдік кейстерін талдау негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік секторындағы жобалық басқару институтының қалыптасуына, дамуына және имплементациясына талдау жүргізіледі.  Зерттеу шеңберінде мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жобалық менеджментті реттеудің заңнамалық негіздері зерделенді, ұлттық жобаларды имплементациялау барысында осы тетіктердің артықшылықтары мен кемшіліктері талданды. Мақалада кейстерді терең зерттеу арқылы авторлар мемлекеттік секторда жобалық менеджменттің кешенді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді ашады. Зерттеу нәтижелері келісімшарттық қызмет сарапшыларды тарта отырып, жобаларды іске асыру процесінде еңбек қатынастарын реттеу тетіктерінің бірі болып табылатынын көрсетті.
Айгерим Амирова,Бауржан Бокаев,Жулдыз Давлетбаева Авторлық құқық (c) 2024 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/344 Wed, 27 Nov 2024 00:00:00 +0500 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУБЪЕКТИВТІ ӘЛ-АУҚАТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТКЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАС https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/361
Аңдатпа. Мақалада интернетті пайдаланудың Қазақстанның жасөспірімдерінің субъективті әл-ауқатына әсері қарастырылады. Бұл мәселе аз зерттелген тақырып болып табылады, ал бұл әлеуметтік топтың жасы ерекше қажеттіліктер мен құқықтармен сипатталатын бірегей кезеңді білдіреді. Мақалада интернетке тәуелділік деңгейі мен субъективті әл-ауқат деңгейі арасындағы корреляцияны бағалайтын зерттеуге басты назар аударылады, бұл зерттеу Қазақстанда интернетті пайдалану мен субъективті әл-ауқат арасындағы байланысты терең талдаудың алғашқы тәжірибесі болып табылады.

Бұл зерттеуде пайдаланылған деректер 2021 жылы жүргізілген әлеуметтанулық сауалнаманың нәтижелеріне негізделген. Сауалнама онлайн форматта Google Forms арқылы өткізілді, және оған Қазақстанның барлық аймақтарынан 3321 жасөспірім қатысты.

Интернетте әрекет ету мен субъективті әл-ауқат арасындағы байланыстың күрделі сипаты анықталды. Интернетте өткізілетін артық уақыт әл-ауқат деңгейін біршама төмендетуі мүмкін, ал виртуалды тәжірибенің сипаты кейбір адамдар үшін өмірге деген қанағаттанушылықты арттыруы мүмкін.
Шолпан Жаманбалаева,Шырын Тленчиева,Айжан Молдагалиева Авторлық құқық (c) 2024 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/361 Wed, 27 Nov 2024 00:00:00 +0500 АУЫЛ ЖАСТАРЫН БЕЙІМДЕУ МЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАУДА БІЛІМ, САЯСАТ, ӘСКЕР ЖӘНЕ ДІННІҢ МАҢЫЗЫ https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/264
Мақалада әлеуметтік лифт тетіктері арқылы ауыл жастарын бейімдеу және интеграциялауда білім, саясат, әскер және діннің маңызын зерттеу үшін ауыл жастары ең көп шоғырланған   Түркістан, Қызылорда,  Жамбыл облыстары мысалында фокус-топттық дискуссия нәтижелері қарастырылған. Ауыл жастарының негізгі ерекшеліктері мен мәселелеріне мән беріліп,  тәуекелдер мен сын-қатерлерге талдау жасалады, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ұсыныстар берілген. Мақаланың ерекшелігі  ауыл жастарының қалалық өмірге бейімделуі мен интеграциясына қатысты  өзіндік әлеуметтік зерттеу нәтижесін бөлісуімен құнды болып табылады.
Меруерт Тулебаева Авторлық құқық (c) 2024 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/264 Wed, 27 Nov 2024 00:00:00 +0500