Негізгі мәліметтер мен ережелер

  • ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ шығаратын «Қоғам және Дәуір» ғылыми-сараптамалық журналы Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі 2003 жылғы 19 желтоқсанда №4526-Ж. тіркеу куәлігімен тіркелді. ISSN 2414-5696 (print)  және ISSN 2788-5860 (online) тіркелген.  Журналдың Редакциялық кеңесі, редакциялық саясаты, жарияланымдық этикасы және веб-сайты бар.
  • Журнал Қазақстандық дәйексөз базасына (ҚазДБ) кіреді және өзінің импакт-факторы бар (0,086, 2018 ж., https://nauka.kz/page.php?page_id=795&lang=1&impact_year=2018)

1.3. Журналда ғылыми-талдамалық бағыттағы мақалалар қазақ және/немесе ағылшын тілдерінде жарияланады (орыс тілінде тек шетелдік авторлар үшін). Журнал жылына 4 рет мерзімділікпен шығарылады. Журналда жариялау тегін.

1.4. Журналдың мақсаты, міндеттері және тақырыптық бағыты.

Журналдың мақсаты – Қазақстан мен шет елдердің тарихы, әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуының өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін айқындау және ілгерілету; әлеуметтің ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын жандандыру және тарту.

Журналдың міндеттері:

  • Ғылыми зерттеушілерді тарту және бұрын жарияланбаған және басқа журналда жариялау үшін ұсынылмаған бірегей жоғары сапалы ғылыми мақалаларды жариялауға жәрдемдесу.
  • Авторлық құқыққа қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және жарияланымдық этикасы бойынша әлемдік тәжірибеде жалпы қабылданған ережелерге сүйену.
  • Мынадай мамандықтар бойынша жарияланымдарды қамтуға бағдарлану: 07.00.00 - Тарих ғылымдары; 23.00.00-Саяси ғылымдар

 

  • Саясаттану, әлеуметтік-экономикалық, халықаралық-саяси және әдістемелік бағыттылығы бар гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың өзекті проблемалары бойынша теориялық және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін ұсыну.
  • Ең жаңа әдебиеттерге рецензиялар ұсыну.

Журнал әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық, тарихи процестердің әртүрлі аспектілері бойынша зерттеу нәтижелерінің кең ауқымын айқындайды.

Журналдың тақырыптық бағыттары:

  • Жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері;
  • Қоғамдық-саяси даму мәселелері;
  • Тарих пен тарихи процестердің өзекті мәселелері.

 1.3. Журналдың мақалалары CrossRef ДБ-да тіркеледі және әрбір авторлық мақалаға DOI –  объектінің сандық сәйкестендіргіші міндетті түрде беріледі, ол дәйексөзді, сілтемені және электрондық құжаттарға шығуды қамтамасыз ету үшін қолданылады.

1.4. Журнал авторлардың жарияланымдарының ақпараттық ашықтығы және қолжетімділігі саясатына сәйкес келеді, мақалалар журналдың сайтында үш тілде толық мәтінді қолжетімділікте орналастырылады.