1. Авторларға қолжазба редакцияға келіп түскен күннен бастап бір апта ішінде электронды платформа бойынша оның келіп түскен күні мен тіркеу нөмірі көрсетілген хабарлама жіберіледі.
  2. Редакцияға келіп түскен мақалалар авторға рецензиялау кезінде анонимділікті қамтамасыз ететін жеке тіркеу нөмірін алады.
  3. Авторлық қолжазбаларды редактор 10 күн ішінде мақаланың тақырыбы мен мазмұнының журнал бейініне және рәсімдеу талаптарына сәйкестігін бастапқы тексеруден өткізеді. Мақаланы рәсімдеу бойынша редакция ескертулерін жойғаннан кейін қолжазба рецензиялауға жіберіледі.
  4. Егер журнал тақырыбына немесе талап етілетін сапа деңгейіне сәйкес келмейді деп саналса, редакторлар рецензенттердің сараптамалық бағалауынсыз, мақаланы өздігінен қабылдамауы мүмкін. Бұл шешімді редактор тек мақаланың мазмұны мен сапасына сүйене отырып қабылдайды және авторға осы шешім қабылданғаннан кейін 5 күн ішінде хабарланады.
  5. Қолжазба редакциялық кеңестің құрамына кірмейтін, осы нақты зерттеу саласындағы екі тәуелсіз ғалымға немесе мамандарға пікір білдіруге жіберіледі. Даулы жағдайларда редакциялық кеңестің қалауы бойынша қосымша рецензенттер тартылады. Сараптамалық қорытындылар негізінде: материалды ұсынылған түрде жариялау туралы; пысықтау қажеттігі туралы; бас тарту туралы шешім қабылданады.
  6. Рецензиялау автор да, рецензент те бір-бірін білмейтін екі жақты "жасырын" рецензиялау қағидаты бойынша жүргізіледі. Рецензент қолжазбаны алған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде сараптаманы жүзеге асырады. Рецензенттерді іздеуді журнал редакторлары жүзеге асырады.
  7. Редакция қарауға қабылданғаннан кейін бір ай ішінде мақала авторына электрондық пошта арқылы рецензиялау нәтижелері туралы хабарлайды. Бір ай ішінде пікірлер болмаған жағдайда, редакция қараудың жаңа мерзімдері туралы хабарлайды.
  8. Авторларға пысықтауға жіберілген қолжазба түзетілген түрде 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтарылуы тиіс. Осы мерзім өткеннен кейін ол жаңадан келіп түскен қолжазба ретінде қаралады. Қайта өңделген қолжазбаға авторлардан жасалған түзетулерді сипаттайтын және рецензенттердің барлық ескертулеріне жауаптары бар хат қоса берілуі қажет.
  9. Редакция мақалаларды жариялау кезегіне өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Бұл жариялауға қабылдау журналдың ең жақын нөмірінде жариялауды білдірмейді дегенді білдіреді.
  10. Редакция мәтінге мақаланың мағынасын бұрмаламайтын редакторлық өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
  11. Редакция қажет болған жағдайларда қысқартуларды және мақалаларды редакторлық редакциялауды жүргізуге құқылы. Жарияланғаннан кейін автор мақаланың көшірмесін PDF форматында ала алады.
  12. Редакция, автор, рецензент арасындағы барлық коммуникациялық жұмыстар электрондық платформа (OJS) арқылы, ерекше жағдайларда электрондық пошта арқылы жүргізіледі.
  13. Редакция редакциялық этиканы сақтайды және автордың келісімінсіз баспадағы мақаламен жұмыс істеу процесін ашпайды (біреумен жұмыстың артықшылықтары мен кемшіліктерін, олардағы ескертулер мен түзетулерді талқыламайды, ішкі рецензиялармен таныстырмайды).