Редакция мүшелері әдепсіз мінез-құлық, плагиат, авторлардың шамадан тыс өзін-өзі бағалауы, мүдделер қақтығысы белгілері бар мақалаларды жариялағаны үшін жауапты болады. Егер мақала жазу кезінде жарияланымдық немесе ғылыми этика қағидалары бұзылған жағдайда, журналдың ғылыми редакторы редакциялық алқаның шешімі негізінде жарияланымның ретракциясын жүргізу тиіс. Мақалаларды автор (авторлар) немесе журналдың редакциясы кері қайтаруы мүмкін. Редакция СОРЕ ұсынымдарына сүйене отырып, жарияланымдық немесе ғылыми этиканы бұзған жағдайда жарияланған мақалаларды алып қоюды (ретракция) жүзеге асырады. Төмендегідей жағдайлар белгісі байқалса, мақала кері қайтарып алынады / (ретрагирленеді)

- егер алынған деректер сенімсіз немесе заңсыз іс-әрекеттер нәтижесінде алынғаны туралы нақты дәлелдер болса, мысалы, деректерді бұрмалау;

- қолжазбаның "Қоғам және Дәуір" журналында жарияланғанға дейін оны басқа редакцияда жариялау фактісін анықтау;

- мақаладан плагиатты анықтау, соның ішінде суреттер, графиктер, кестелер және т. б.

- мақалада басқа ғалымдарға және олардың зерттеулеріне теріс әсер етуі мүмкін өрескел қателіктердің болуы, мысалы, есептеу немесе эксперимент қатесі;

- үшінші тұлғалар тарапынан мақалаға немесе оның жекелеген бөліктеріне авторлық құқықтар туралы шағымдардың пайда болуы;

- мақалада жарияланым немесе ғылыми этика қағидаларына, стандарттары мен нормаларына қайшы келетін ақпараттың болуы.

Осындай жоғарыда көрсетілген жағдайларда журналдың редакция мүшелері тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша мақала жарияланымнан кері қайтарып алынуы / жойылуы (ретрагациялануы) мүмкін. Ол үшін мақаланы ғылыми редактор растап, қол қоятын басылымнан кері тарту туралы акт жасайды. Мақаланың хат-хабары үшін авторға актінің көшірмесі жіберіледі.

Осыдан кейін журналдың веб-сайтында мақала себептері көрсетілген таңбаланған деп белгіленеді. Редакция мақаланы алып қою (ретракция) туралы ақпаратты журнал сайтының басты бетінде жариялайды және мақаланы алып қою (ретракция) рәсімі жүргізілгеннен кейін ақпаратты журналдың кейінгі басылымында шығарады.

Журналдың редакциясы "Қоғам және Дәуір" жарияланған басылымдарда анықталған бұзушылықтар туралы барлық негізделген өтініштерді жауапкершілікпен, объективті және мұқият қарастырады.

Редакция авторлар мен рецензенттердің материалды жариялағаннан кейін жіберілген қателер мен бұзушылықтар туралы редакцияға барынша жедел хабарлауды олардың жауапкершілігі мен міндеті деп санайды.