Қолжазбаны жариялау шарттары

«Қоғам және Дәуір» журналында жариялау үшін автордың (авторлардың) бұрын басқа шет тілдерде жарияламаған, журналдың тақырыптық бағыттарына сәйкес келетін және қолжазбаны ресімдеу талаптары бойынша қатаң ресімделген мақалалар қабылданады.

Ғылыми мақаланың қолжазбасын автор журналдың редакциясына корреспонденцияға (қолжазбаның авторлық ұжымының қатарынан 2 және одан да көп тең авторлары болған жағдайда айқындалған) журналдың келесі нөмірі шыққанға дейін кемінде екі ай бұрын ұсынады. Журналда жариялауға көлемі 1-1, 2 б.п. аспайтын қолжазбалар (атауын, авторлар туралы мәліметтерді, аннотацияларды, тірек сөздерді, библиографиялық тізімді есепке алмағанда) қабылданады.

Автор қолжазбаны корреспонденцияға арналған электрондық платформа арқылы мақаланың барлық методеректері мен оның авторларын көрсете отырып жүктеуге тиіс.

Авторлар зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, жаңалығы, дәлелі үшін жауап береді. Қолжазбаны редакция алқасы және «Қоғам және Дәуір» журналының рецензенттері қарау сатысында, сондай-ақ ол жарияланғаннан кейін авторлар осы қолжазбаны басқа басылымда жариялауға қарау үшін ұсынбауға міндеттенеді.

Қолжазбамен жұмыс істеу кезеңінде редакция, корреспонденция авторы мен рецензенттер арасындағы байланыс OJS электрондық (онлайн) платформасы арқылы, ал ерекше жағдайларда электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Журналдың редакциялық алқасы автордан / авторлардан келіп түскен қолжазбаларды қарайды, олардың рецензиялануын ұйымдастырады және қолжазба электронды платформа арқылы келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жариялау немесе жариялаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Плагиатқа және иемденуге тексеру

«Қоғам және Дәуір» журналының редакциясы қолжазбаның ресми талаптарға сәйкестігін қарау кезінде (қолжазбаны ресімдеу) жасалған шарт негізінде жазылыммен қамтамасыз етілген плагиатқа тексеру жүйесі арқылы қолжазбадағы иемденген мәтіннің болуына тексеру жүргізеді.

Тек қана түпнұсқа қолжазбалар және/немесе антиплагиат жүйесі арқылы тексеру нәтижелері бойынша түпнұсқалығы 75%-дан асатын қолжазбалар одан әрі рецензиялау үшін жіберіледі. Егер қолжазба журналда қойылатын ресімдеу талаптарына сәйкес келмесе және плагиатқа тексеру нәтижелері бойынша түпнұсқа жұмыс болып табылмаса, қолжазба тиісті өзгерістер енгізу және қолжазбаны журналдың электрондық платформасы арқылы редакциялық алқаның қарауына қайта жіберу үшін корреспонденция үшін авторға қайтарылады.

Егер авторлар қолжазбаны жазу кезінде басқа зерттеушілердің жұмыстарын, мақалаларын, ережелерін немесе дәйексөздері мен пікірлерін пайдаланса, онда олар осы ғалымдардың жұмыстарына сілтеме жасап, дәйексөз мәтінін дұрыс ресімдеуі керек.

Халықаралық қоғамдастық қабылдаған ғылыми этика қағидаттарының, стандарттары мен нормаларының бұзылуы анықталған жағдайда, журнал редакциясы Жариялау этикасы комитетінің стандарттарына (СОРЕ) сәйкес әрекет етуге міндеттенеді.

Еркін қол жеткізу саясаты және мұрағаттау

«Қоғам және Дәуір» журналы өз контентіне журналдың ресми сайтында ашық қолжетімділік береді, бұл әлемдік ғылыми қоғамдастықтың журналына ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ журналдың веб-сайтында авторлар мен оқырмандар үшін журналдың қызметі туралы қажетті ақпарат: жариялау шарттары, қолжазбаларды ресімдеу және журналға ұсыну ережелері, журналды қалыптастыру және қолжазбаларды рецензиялау тәртібі, жарияланым этикасы, Редакциялық кеңес туралы мәліметтер, бас редактор мен жауапты хатшының байланыс деректері ұсынылған.

Авторлық құқық

Қолжазбаның авторлығы қолжазбаны жасауға, ойды қалыптастыруға, мақала жазуға, нәтижелерді түсіндіруге тікелей қатысқан және ғылыми нәтижелерді алуға елеулі үлес қосқан зерттеушілерге тиесілі.

Авторлар өз қолжазбаларына құқықтарын сақтайды, бұл ретте барлығына осы жұмыстың авторлығын міндетті түрде белгілей отырып және осы журналдағы бірегей жарияланымға сілтеме жасай отырып, оларды еркін жүктеуге, қайта пайдалануға, қайта басуға, өзгертуге, таратуға немесе көшіруге рұқсат береді. Журналға сілтеме жасалған кезде осы әрекеттердің барлығына авторлардан немесе баспагерлерден рұқсат талап етілмейді.

Авторлар өз мақалаларын басқа дереккөздерде (мысалы, институционалдық мұрағатта, әлеуметтік желілерде және т. б.) оның осы журналдағы түпнұсқа жарияланымға міндетті түрде сілтеме жасай отырып тарату құқығын сақтайды.