pdf

Кілтті сөздер

стартап, елдік имидж, инновация, саясат, саяси экономика, бизнес.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Турханова, А., & Гусманова, Ә. (2022). ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЛДІК ИМИДЖІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТАРТАП МЕН БИЗНЕС ЖОБАЛАРЫНЫҢ РӨЛІН ТАЛДАУ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 76(4). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-4.07

Аңдатпа

Бүгінгі таңда Қазақстанда бизнес ортаны дамыту басым бағыттардың біріне айналды. Бұл мақалада бизнес экожүйесі түсінігі және оның елдік имиджінің дамуына тікелей әсер тигізетін факторлары айқындалады. Инновациялық стартаптар мен бизнес жобалар секілді жаңа феноменінің қалыптасуы мен қысқаша тарихы көрсетілген. Мықты және танымал саяси ұлттық бренд, барлық қатысушы тараптар үшін, соның ішінде жеке және мемлекеттік секторлар үшін, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдар, қоғам және азаматтар үшін тиімді. Осы аспектілердің барлығы оны құру мен дамытуда маңызды рөл атқарады. Кез келген адам дәйекті тәсілдің қажеттілігін мойындайды және ұлттық брендингтің дамуына үлес қосуға дайын, бірақ, шын мәнінде оны жүзеге асырудың функционалдық моделін жасау қиын міндет болып табылады. Мақалада елдік имиджі дамытуда стартаптар мен бизнес жобалардың ойнайтын рөлі, мемлекеттің саяси экономикасында алатын орны туралы зерттеуге талдау жасалған. Мақалада елдің оң имиджін қалыптастыру процесінде қолдануға болатын жағдайлық зерттеулер пайдаланылады.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-4.07
pdf