pdf

Кілтті сөздер

Саяси реформалар, демократия, азаматтық қоғам, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі, Ұлттық құрылтай, саяси партиялар, саяси плюрализм, сайлау.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сейдин, Н. (2022). ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: САЯСИ РЕФОРМАЛАРДЫҢ БАРЫСЫ МЕН НӘТИЖЕСІ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 76(4). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-4.03

Аңдатпа

Мақалада елімізде соңғы жылдары жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқан саяси реформалардың барысы мен алғашқы нәтижелері талданған. Демократиялық институттар мен азаматтық қоғамның қылыптасуы мен тұрақты дамуы мемлекеттің болашағы мен оның өркендеуіне тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі. «Бірінші экономика, сосын саясат» деген қағида мен ұзақ жылдар бойы елдің саяси өмірі мен экономикасындағы орын алған шектеулер мен қордаланған мәселелер мемлекеттің тұрақты дамуына белгілі бір дәрежеде кері әсер етіп, күйзеліске әкелуде.

Мақалада Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылдан бері елімізде кезең-кезеңімен жүргізіп келе жатқан саяси реформаларының барысы, ауқымы және ерекшеліктері жүйелі түрде мазмұнына қарай қарастырылған. Саяси реформа барысында басымдық берілген бағыттар мен қабылданған құжаттар жан-жақты қарастырылып, олардың жекелеген институттардың дамуына әсері мен қоғамға тигізген оң нәтижелеріне сараптамалар жүргізіліп, талдаулар жасалынған.

Саяси реформаларды жүргізу барысында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен Ұлттық құрылтайдың тарихи миссиясы, олардың қоғамдағы алатын орны мен атқарған жұмыстары қарастырылып, саяси партиялық жүйедегі орын алған өзгерістер, конституциялық реформа нәтижесіндегі биліктің бөлінісі мен жаңа мазмұны тың көзқараспен зерделенген.

Мақалада соңғы жылдары елімізде жүргізілген кешенді саяси реформалардың барысы алдағы мерзімде еліміздің тұрақты дамуына ықпал етіп, демократиялық институттар мен азаматтық қоғамның кең етек жайып, саяси бәсекелестікке үлкен мүмкіндіктер береді деген тұжырымдар жасалған.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-4.03
pdf