PDF

Түйін сөздер

«Адамзат тағдырының қауымдастығы», жаһандық басқару, «Белдеу мен жол» инициативасы, сыртқы саясат, Қазақстан-Қытай, Си Цзиньпин, БЖИ, ҚХР.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Бейсенбаев, О., & Кондапалли, С. (2021). ҚХР СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫНДАҒЫ «АДАМЗАТ ТАҒДЫРЫНЫҢ ОРТАҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» КОНЦЕПЦИЯСЫ . ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 71(3). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2021-3.05

Аңдатпа

«Адамзат тағдырының ортақ қауымдастығы» – Қытай дипломатиясындағы жаңа концепция болғанымен, соңғы бесжылдықта Қытай Компартиясы, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің баяндамаларында жиі қолданылады. Концепцияға қатысты отандық академиялық зерттеулердің жетіспеушілігін ескере отырып, оның мағынасы, себептері және салдарын қарастырудың өзектілігі артады. «Адамзат тағдыры қауымдастығының» түбегейлі мақсат-міндеті айқын болмағанымен, Қытайдың халықаралық қатынастар жүйесінде өзін жауапты мемлекет ретінде таныту, ХХІ ғасырдың екінші-үшінші онжылдықтарында «стратегиялық мүмкіндіктер кезеңін» қолдану, жаһандық басқару жүйесін реформалау ұзақмерзімді жоспарының бөлігі ретінде қаралады. Қытай ұсынған концепция бастапқыда халықаралық конфликтілердің эскалациясы, қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында ұтымды және тартымды көрінгенімен, дамыған елдерді айтпағанда, дамушы әлемнің осы тұжырымдаманы қабылдауында қарама-қайшылықтар бар. Қытайтану және халықаралық қатынастар саласындағы зерттеушілердің материалдарына назар аудара отырып, Қытайдың сыртқы саяси парадигмасындағы «адамзат тағдырының қауымдастығы» идеясының басқа концепттермен байланысына, ҚХР сыртқы саясатының трансформациясы контекстінде кешенді қарастыру қажет.  

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2021-3.05
PDF