ЖАРИЯЛАУ ЭТИКАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Журналдың редакция алқасы өз қызметінде ғылыми басылымдардың халықаралық этика стандарттарын және Ғылыми жарияланым этикасы жөніндегі комитет (Committee on Publication Ethics, COPE) әзірлеген Ғылыми жарияланымдардың этикалық кодексін басшылыққа алады.

Редакторлардың этикалық қағидаттары:

Мақаланы жариялау туралы шешім қабылдай отырып, редактор қолжазбаның ғылыми маңыздылығын ғана басшылыққа алады және авторды қандай да бір топқа тиесілі болу белгісіне қарай кемсітпейді.

Редактор қолжазбадағы мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге және оны жеке мақсатында пайдаланбауға міндетті, сондай-ақ үшінші тұлғаларға бермеу міндеттемесін қабылдайды.

Редактор авторымен/авторларымен және/немесе автор ұйымымен мүдделер қайшылығы жағдайында қолжазбаны қараудан бас тартуы тиіс.

Редактор баспагермен бірлесе отырып, авторлық құқықтар мен ғылыми жарияланымдар этикасы кодексін бұзуға қатысты даулы мәселелерді шешуге бар күшін салуы тиіс

Авторлардың этикалық қағидаттары:

Мақала авторы (- лары) ғылыми зерттеулер нәтижелерінің дәлдігіне, анықтығына және объективтілігіне жауапты болады. Көрінеу жалған немесе бұрмаланған деректерді пайдалануға және қолдануға жол берілмейді.

Автор зерттеудің өзіндік ерекшелігіне кепілдік береді. Барлық дәйексөздер (алынған үзінділер немесе пікірлер) Авторға арналған нұсқаулықта орналастырылған мақалаларды ресімдеу ережелеріне сәйкес авторды және бастапқы дереккөзді міндетті түрде көрсете отырып ресімделуі тиіс.

Плагиаттың кез келген нысанда болуы авторды одан әрі жосықсыз авторлар тізіміне енгізе отырып, оны жариялаудан бас тартуға негіз болады.

Мақала авторларының қатарына жазуға қатыспаған тұлғаларды қосуға болмайды. Қолжазбаны жазуға елеулі үлес қосқан, оның соңғы нұсқасымен танысқан және келіскен барлық зерттеушілер бірлескен авторлар болып саналады.

Журналға басқа редакцияда қаралмайтын мақаланы жіберген жөн, немесе автор қолжазбаны басқа басылымда жариялау туралы шешім қабылданғаны туралы алдын ала хабарлауы керек.

Бұрын шығарылған мақаланы сол атаумен жариялауға жол берілмейді. Жарияланған материалды қайта басып шығару әрекеті анықталған жағдайда автор жосықсыз болып саналады және кейіннен редакциямен ынтымақтастық тоқтатылып, тиісті тізімге енгізіледі.

Автор қолжазбада ол жарияланғанға дейін қате немесе дәлсіздік тапқан жағдайда, ол өндірістік процестің ағымдағы сатысында мұндай түзетулердің техникалық мүмкіндігі болған жағдайда, мәтінге түзетулер енгізу үшін олар туралы редакцияны дереу хабардар етуге міндетті.

ЖИ қолдану

Авторлар өз жұмыстарының мазмұнына ЖИ құралдарын қолжазбаның авторы немесе бірлескен авторы ретінде көрсете алмайды, өйткені бұл құралдар авторлық талаптарға сәйкес келмейді және қолжазба үшін жауапкершілікті өз мойнына ала алмайды. Толығымен немесе жартылай ЖИ құралдарымен жасалған қолжазбалар жариялауға қарастырылмайды. Плагиат жүйесімен анықталған жасанды интеллект үлесінің ең жоғары коэффициенті <20% құрайды.
Авторлар жасанды интеллект технологияларын (мысалы, грамматиканы түзету, тілдік редакциялау, деректерді визуализациялау, сілтемелерді пішімдеу) шектеулі, ашық және шығармашылық емес мақсаттарда қолдана алады. ЖИ кез келген қолданылуы қолжазбада ашық түрде көрсетілуі тиіс, бұл, мүмкіндігінше, ескертпеде немесе арнайы бөлімде (мысалы, "Алғы сөз" немесе "Әдістер") берілуі қажет. Авторлар ЖИ көмегімен жасалған барлық мазмұнның, соның ішінде дәйексөздер мен деректердің қысқаша мазмұнының дұрыстығын өздері тексеріп, толық жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс.
Рецензенттерге шолу процесінде қолжазбаның кез келген бөлігін ЖИ құралдарына жүктеуге немесе енгізуге қатаң тыйым салынады. Олар қолжазбаның мазмұнын жасау, қорытындылау немесе бағалау үшін ЖИ жүйелерін пайдаланбауы керек. Адамның сыни бағалауынсыз ЖИ құралдарымен жасалған деп танылған шолулар қабылданбайды.
Ескерту: Жасанды интеллект дамуына байланысты бұл саясат уақтылы қайта қаралып отырады.

Рецензенттердің этикалық қағидаттары:

Рецензент, рецензияланатын қолжазбаға біржақты емес, бейтарап көзқарасты ұстанады

Рецензент қолжазбадан алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс, оны өзінің жеке мүддесі үшін пайдалануға, сондай-ақ қолжазбаны үшінші тұлғаларға беруге жол берілмейді.

Рецензенттің сыны, берілген қорытынды негізді және объективті болуы тиіс.

Егер өзін қолжазба ұсынылған ғылым саласында жеткілікті білікті емес деп санаса, рецензент оны рецензиялаудан босату туралы өтініш жасауға құқылы.