pdf

Кілтті сөздер

қоғамдық сенім
әлеуметтік капитал
студенттік клубтар
әлеуметтік интеграция
институционалдық сенім
AlmaU

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Арын, А., Гусейнов, К., & Балықбаева, А. (2026). СТУДЕНТТІК КЛУБТАР УНИВЕРСИТЕТ ОРТАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК КАПИТАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕХАНИЗМІ РЕТІНДЕ (ALMAU КЕЙСІ НЕГІЗІНДЕ). ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 91(3), 61–75. https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.91.3.005

Аңдатпа

Бұл мақалада студенттік клубтар мен қауымдастықтардың университет ортасында қоғамдық сенімді қалыптастыру және әлеуметтік капиталды жинақтау механизмі ретіндегі рөлі жан-жақты зерттеледі. Зерттеудің әдіснамалық негізі теориялық талдау мен Almaty Management University (AlmaU) студенттік клубтарының қызметін зерделеуге бағытталған кейс-стади әдісінің жиынтығынан тұрады. Жұмыс барысында В. Тинтоның интеграция теориясы, А. Астиннің қатысу моделі, Р. Майердің ұйымдық сенім концепциясы және Р. Патнэмдің әлеуметтік капитал теориясы негізге алынды. Зерттеу нәтижелері студенттік клубтардың студенттерді әлеуметтік интеграциялаудың негізгі арнасы екенін, сондай-ақ «көпірлік» (bridging) әлеуметтік капиталды дамыту арқылы сыртқы байланыстарды нығайтатынын көрсетті. Студенттік ұйымдар азаматтық қоғамның «институционалдық шағын моделі» ретінде қарастырылып, онда қалыптасқан әлеуметтік капитал демократиялық институттардың тұрақтылығын анықтайтын фактор ретінде негізделген. Сонымен қатар мақалада студенттік бастамаларды институционалдандыру процесі мен психологиялық қауіпсіздік жағдайларының университет әкімшілігі мен студенттер арасындағы вертикалды сенімді арттырудағы маңызы негізделген. Тұжырымдар студенттік өзін-өзі басқарудың мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асырудағы және қоғамның саяси мәдениетін жаңғыртудағы стратегиялық маңызын дәлелдейді.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.91.3.005
pdf