Аңдатпа
Мақала цифрландыру жағдайында ұлттық бірегейлікті зерттеудің социологиялық құралдарының трансформациясын теориялық-әдіснамалық талдауға арналған. Автор қазіргі желілік шындықта дәстүрлі сауалнама әдістерінің шектеулілігін негіздеп, таңдаулардың бұрмалануы мен цифрлық теңсіздік тәуекелдерін көрсетеді. Негізгі назар «дайын» цифрлық іздер (ready-mades) мен арнайы жасалған зерттеу деректерінің (custom-mades) синергиясын болжайтын Mixed Methods 2.0 парадигмасын концептуализациялауға аударылған. Жұмыста Б. Андерсон, П. Бурдье және Л. Ваканның классикалық тұжырымдамаларын цифрлық габитус пен желілік қиялды талдауға бейімдейтін авторлық теориялық-әдіснамалық матрица ұсынылған. Нәтижелердің ғылыми маңыздылығы есептеу этнографиясы әдісін Қазақстанның көпэтникалық қоғамындағы бірегейлікті «тығыз сипаттау» құралы ретінде негіздеуде жатыр. Мақала азаматтардың декларативті адалдығын талдаудан олардың нақты цифрлық мінез-құлқын зерттеуге көшудің жол картасын ұсынады.

