Аңдатпа
Мақала коммуникациялық ортаның цифрлануы мен аудиториялардың фрагментациясы жағдайында қалыптасып отырған әлеуметтанулық зерттеулердегі қазіргі әдіснамалық өзгерістерге аналитикалық шолу жасауға арналған. Респонденттердің жауап беруінің төмендеуі, аудиторияға қол жетімділіктің күрделенуі, репрезентативтіліктің шектелуі мен дәстүрлі сауалнама әдістерінің мәртебесінің өзгеруіне қатысты негізгі қатерлер қарастырылады. Цифрлық іздерге эмпирикалық деректердің жаңа түрі ретінде басты назар аударылады, ол айтарлықтай аналитикалық потенциалға ие, дегенмен ол платформаға тәуелді, мәнмәтін тұрғысынан толық емес және интерпретациялық күрделі мәселелерімен байланысты болады. Заманауи әдибеттерге шолу жасай отырып, цифрлық дәуірдің басты мәселесі дәстүрлі әдістерді жаңа цифрлық құралдармен алмастыру емес, декларативті және мінез-құлықты екі деректер логикасын үйлестіру қажеттілігі екені туралы тезис негізделді. Мақалада сауалнама мен цифрлық деректерді біріктіру заманауи әлеуметтанулық әдіснаманы дамытудың ең перспективалы бағыты болып табылатындығы көрсетілген, өйткені ол зерттеудің аналитикалық тереңдігін арттыруға және зерттеу стратегиясын деректер түрлерінің әрқайсысының шектеулеріне қатысты рефлексивті етуге мүмкіндік береді. Цифрландыру деректердің репрезентативтілігі, жарамдылығы мен сапа критерийлерін қайта қарауды, сондай-ақ цифрлық әлеуметтік әлемнің күрделілігі мен динамикасын ескеруге қабілетті гибридті зерттеу дизайнына көшуді талап етеді деп қорытындылаймыз.

