Аңдатпа
Жасанды интеллект қолдану аясын кеңейтіп, тұтынушылардың санын көбейтіп өміріміздің күнделікті элементіне айналуда. Зерттеудің мақсаты – 2025 жылы Қазақстанда репрезентативті іріктеме бойынша 2000 респондентке жүргізілген әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері арқылы еліміздегі халықтың ЖИ-ке көз-қарасын зерттеу. Соның ішінде ChatGPT туралы хабардарлық деңгейін, ЖИ-ті қолдану жиілігін, ЖИ-тің қоғам үшін маңызыдылығына қатысты пікірлерін және ЖИ-ті қаншалықты қауіпті санайтынын қарастыру. Зерттеуге 17 облыстан және республикалық маңызы бар 3 қаладан, яғни Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18-ден асқан азаматтар қатысты. Сонымен қатар біз әр түрлі елдерде ЖИ қолдану салдарынан және ЖИ-тің халықтың цифрлық әл-ауқатына ықпалынан пайда болған жаһандық әлеуметтік-психологиялық үрдістерді зерттедік. Мақала авторлары халықаралық мамандырылған жарияланымдар негізінде қоғамның жедел цифрлық трансформациясы жағдайында ЖИ-тің адамның әлеуметтік-псиологиялық жағдайына ықпалы бойынша жаһандық үрдістерді талдады. Зерттеудің өзектілігі ЖИ жүйесінің күнделікті өмірге және кәсіби қызметке кеңінен еңгізілуіне байланысты адамдардың едәуір бөлігінде психологиялық дистрестің жаңа формалары қалыптасуымен байланысты. Ол жұмыс орнынан айырылып қалу қауіпіне байланысты мазасыздық, сондай-ақ чат-боттарға деген эмоционалдық тәуелділік сияқты құбылыстар. Бұл халықтың цифрлық әл-ауқатына байланысты мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерделеудің өзектілігін күшейтеді. Зерттеу нәтижелері цифрландыру жағдайында халыққа психологиялық қолдау көрсету бағдарламаларын әзірлеудің және ЖИ технологияларының кең таралуы жағдайында психологиялық әл-ауқатты қорғау факторы ретінде цифрлық сауаттылықты қалыптастыру қажеттілігін растайды. Жасанды интеллект әлеуметтануын ЖИ технологияларының қоғамға, әлеуметтік құрылымдарға және институтарға ықпалын зерттейтін ғылыми бағыт ретінде дамыту қажет.

