Аңдатпа
Мақала әлеуметтік зерттеулердегі генеративті жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен шектеулерін талдауға арналған. Жұмыста сапалық зерттеулерде жасанды интеллектті қолдануға бағытталған жеті эксперименттік зерттеуге шолу жасалады. Әсіресе сұхбаттарды талдау, тақырыптық талдау және сапалық деректерді кодтау барысында ЖИ қолданылуына ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижелері жасанды интеллекттің зерттеудің техникалық кезеңдерінде -транскрипция жасау, алдын ала кодтау және үлкен көлемдегі деректерді құрылымдау барысында - барынша тиімді екенін көрсетеді. Сонымен қатар, әлеуметтік контексті интерпретациялау, абстрактілі категориялармен жұмыс істеу және талдаудың валидтілігін қамтамасыз ету кезінде ЖИ-дің елеулі шектеулері анықталды. Мақалада сондай-ақ «қара жәшік» мәселесіне, сұраныстарды жобалаудың жаңа зерттеушілік құзырет ретінде қалыптасуына, сондай-ақ жасанды интеллектті қолданатын зерттеулердің этикалық және эпистемологиялық сын-қатерлеріне ерекше назар аударылады. Зерттеу қорытындысында әлеуметтік зерттеулерде жасанды интеллектті пайдаланудың жаңа стандарттарын қалыптастыру қажеттілігі туралы тұжырым жасалады.

