PDF

Кілтті сөздер

Қазақстан мен Қытай, мәдени байланыстар, баспа және телеөнімдері, өзара алмасулар, ықпалдастық.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Айтқалиева , А., & Мұқаметханұлы, Н. . (2021). ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ДАМУЫ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 69(1). https://doi.org/10.52536/KjD/vol_69_issue_1_A1

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық байланыстардың даму үдерісі пайымдалады. Екі мемлекет дипломатиялық қатынас орнатқаннан бері, мәдениет аясындағы көптеген игі жұмыстар жасады. Басылымдар алмасуды ел басшыларының саяси кітаптарын өзара аударып таратудан бастап, тарихи еңбектерді, тарихи дерек жинақтарын, классикалық шығармаларды, теле хикаялар мен кинофильмдерді аудару немесе бірлесіп түсіру жұмыстарының атқарылуы баяндалады. Осындай ынтымақтастық пен өзара ықпалдастық негізінде жүзеге асырылған ақпараттық алмасулардың ауқымы зор. Қытай мен Қазақстан арасындағы әлеуметтік коммуникациялық индустрия саласындағы байланыстар да айтарлықтай даму үдерісі  істелген нақты еңбектер мен телевизия саласында көрсетілген өнер туындыларына талдау жасау арқылы дәйектеледі. Екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарының дамуы аясында мәдени ынтымақтастықтың салалар бойынша дамығаны нақты деректермен дәйектейді. Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастық пен ықпалдастық үдерісі жүріп жатқаны екі ел мен екі халықтың мәдени ықпалдастығын,  өзара түсінігін тереңдете түскенін атап көрсетіп,айқындап, жалпы екі елдің мәдениет саласындағы сала аралық ынтымақтастықтардың даму динамикасы көрсетіледі. Сондай-ақ, екі елдің мәдениет саласындағы ықпалдастығының артуы дами түседі деген тұжырым жасайды.

doi.org/10.52536/KjD/vol_69_issue_1_A1

https://doi.org/10.52536/KjD/vol_69_issue_1_A1
PDF
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2021 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР