pdf

Кілтті сөздер

үкіметтік емес ұйымдар, ұйымның тиімділігі, әлеуметтік ықпал, нәтижелілік, бағалау, жиынтық индекс, ашықтық, Қазақстан.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Жолдыбалина, А., Ермаханова, С., & Ахантаева, С. (2026). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН КӨПӨЛШЕМДІ ҮЛГІ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 91(3), 152–162. https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.91.3.011

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың тиімділігін бағалауға арналған көпөлшемді үлгі негізделеді. Зерттеудің мақсаты – халықаралық бағалау өлшемдерін ұлттық жағдайға бейімдеп, ұйымның қоғамдық сұранысқа сәйкестігін, нәтижелілігін, ресурсты пайдалануын, әлеуметтік ықпалын, ұйымдық әлеуетін, ашықтығы мен есептілігін бір жүйеде өлшеу. Салыстырмалы талдау, нормативтік құжаттарды зерделеу, нәтижелер тізбегін құру және теориялық ұғымдарды өлшенетін көрсеткіштерге айналдыру әдістері қолданылды. Алты бағалау бағыты, 0–5 балдық шкала, сандық көрсеткіштерді қалыпқа келтіру тәртібі және алдын ала салмақтар ұсынылды. Үлгі ұйымдарды бір тізімге механикалық түрде орналастырудан гөрі, әр ұйымның мықты және әлсіз жақтарын көрсететін бейін жасауға бағытталған. Оны тұрақты қолданар алдында сынақтан өткізіп, сенімділігі мен негізділігін тексеру қажет. Ұйымдарды тек қызмет саласы, ауқымы және нысаналы тобы ұқсас топтар ішінде салыстыру ұсынылады.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.91.3.011
pdf