pdf

Кілтті сөздер

computational social science, әлеуметтану, үлкен деректер, деректерді талдау әдістері, Қазақстан

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Серебренников, Д., Қалдыбек, А., Амрин, А., & Сарсекеева, А. (2026). COMPUTATIONAL SOCIAL SCIENCE: ӘЛЕУМЕТТАНУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ЖАҢА ЗЕРТТЕУ МҮМКІНДІКТЕРІ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 89(1 (S). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.89.S1.003

Аңдатпа

Мақалада есептік әлеуметтік ғылымы (ағылш. computational social science, CSS) қазіргі қоғамның цифрлануы мен деректер көлемінің қарқынды өсуі жағдайында әлеуметтануды жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, CSS-тің қалыптасу тарихы, әдіснамалық негіздері және басты зерттеу құралдары сипатталады. Олардың қатарында әлеуметтік желілерді талдау, табиғи тілді өңдеу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, агенттік модельдеу, машиналық оқыту әдістері мен үлкен тілдік модельдер бар.  

Мақалада есептік тәсілге қатысты сын-пікірлерге де ерекше назар аударылады: әлеуметтік құбылыстарды тек деректерге теліп қою қаупі, зерттеу күн тәртібінің қолжетімді дереккөздерге қарай ығысуы, сондай-ақ теориялық ойлау мен түсіндіруші дәстүрдің әлсіреуі. Осы шектеулерді ескере отырып, CSS-ті есептеу әдістерін дәстүрлі әлеуметтанулық мәселелермен біріктіретін синтетикалық жоба ретінде қарастыру ұсынылады. Сонымен қатар, мақалада Қазақстан жағдайында осындай бағытты дамыту қағидалары көрсетіліп, оның бәсекеге қабілетті ғылыми орта қалыптастырудағы және жаһандық академиялық пікірталасқа ықпалдасудағы әлеуеті атап өтіледі.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.89.S1.003
pdf