Аңдатпа
Мақалада Абай облысының Ақтоғай, Жезкент және Көпе елді мекендеріндегі ауыл тұрғындарының ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін қабылдауы талданып, «қызмет етуге берілетін әлеуметтік лицензияның» қалыптасу алғышарттары бағаланады. 318 тұрғын арасында жүргізілген жаппай сауалнама негізінде өңірдегі негізгі жер қойнауын пайдаланушы туралы хабардарлық деңгейі, кәсіпорын басшылығына сенім, халық, билік пен бизнес арасындағы әртүрлі коммуникация арналарының тиімділігі, сондай-ақ тұрғындардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктен [бұдан әрі – КӘЖ] күтулері қарастырылады. Бизнестің аумақты дамытуға қосқан үлесіне сенім білдіру және оны мойындауға дайындық елді мекендер арасында едәуір ерекшеленетіні әрі инвестиция көлеміне ғана емес, коммуникацияның жүйелілігі мен форматына да байланысты екені анықталды. Үш ауылдың бәрінде тұрғындармен кездесулер және әкімдік арқылы жұмыс істеу өзара іс-қимылдың ең орнықты арналары болып шықты, ал жеке өтініштер мен цифрлық арналардың тиімділігі төмен күйінде қалып отыр. Бизнестің жергілікті қауымдастықтармен қарым-қатынасын қалыптастыруда сараланған, нысаналы стратегиялар қажет деген қорытынды жасалып, КӘЖ және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламаларына арналған практикалық ұсынымдар ұсынылды.

