PDF

Түйін сөздер

зайырлылық
мемлекет
діни бірлестіктер
респонденттер
дін саласындағы мемлекеттік саясат
әлеуметтанулық зерттеу

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Ибраев, Е., & Дюсембекова, М. (2021). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ САЯСАТТЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІН ТАЛДАУ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 72(4), 8–19. https://doi.org/10.52536/2788-5860.2021-4.01

Аңдатпа

Қазіргі таңда Қазақстанда 140 этностық және 18 конфессиялық топ өкілдері тіршілік етеді, елде олардың арасында бейбіт қатар өмір сүруі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасалған. Қазақстандағы діндердің дамуы діни сенім бостандығы, рухани даму, елдегі азаматтық татулық пен конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттің жүйелі саясатының нәтижесі болып саналады.

Соңғы екі онжылдықта дін мен конфессияаралық қатынас аясындағы жағдай айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Діни ахуалдың жай-күйі, өсу қарқынына жасалған талдау өскелең ұрпақ өкілдерінде діндарлықтың артқандығын байқатады. Және де бұл жеке тұлғаның табиғи рухани қажеттілігі тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ, қоғамда қалыптасқан мәдени және рухани дәстүрге нұқсан келтіретін деструктивті діни ағымдардың әрекеттері арқылы да өсуде. Осы орайда, бұл мақалада дін саласындағы мемлекеттік саясаттың кейбір аспектілері бойынша азаматтардың пікірін анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтанулық сұраудың нәтижелерін талдау қамтылған.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2021-4.01
PDF