Қолжазбаны жариялау шарттары

«Қоғам және Дәуір» журналында жариялау үшін автордың (авторлардың) бұрын басқа шет тілдерде жарияламаған, журналдың тақырыптық бағыттарына сәйкес келетін және қолжазбаны ресімдеу талаптары бойынша қатаң ресімделген мақалалар қабылданады.

Ғылыми мақаланың қолжазбасын автор журналдың редакциясына корреспонденцияға (қолжазбаның авторлық ұжымының қатарынан 2 және одан да көп тең авторлары болған жағдайда айқындалған) журналдың келесі нөмірі шыққанға дейін кемінде екі ай бұрын ұсынады. Журналда жариялауға көлемі 1-1, 2 б.п. аспайтын қолжазбалар (атауын, авторлар туралы мәліметтерді, аннотацияларды, тірек сөздерді, библиографиялық тізімді есепке алмағанда) қабылданады.

Автор қолжазбаны корреспонденцияға арналған электрондық платформа арқылы мақаланың барлық методеректері мен оның авторларын көрсете отырып жүктеуге тиіс.

Қолжазбамен жұмыс істеу кезеңінде редакция, корреспонденция авторы мен рецензенттер арасындағы байланыс OJS электрондық (онлайн) платформасы арқылы, ал ерекше жағдайларда электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Журналдың редакциялық алқасы автордан / авторлардан келіп түскен қолжазбаларды қарайды, олардың рецензиялануын ұйымдастырады және қолжазба электронды платформа арқылы келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жариялау немесе жариялаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Плагиатқа және иемденуге тексеру

«Қоғам және Дәуір» журналының редакциясы қолжазбаның ресми талаптарға сәйкестігін қарау кезінде (қолжазбаны ресімдеу) жасалған шарт негізінде жазылыммен қамтамасыз етілген StrikePlagiarism.com жүйесі арқылы плагиатқа тексеріледі. Қазақстандағы StrikePlagiarism.com жүйесінің иесі Plagiat.pl елдегі 70 жоғары оқу орындарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясымен,  ҚР Білім және ғылым министрлігі және ҒТАҰО-мен ынтымақтастық орнатқан. 

Тек қана түпнұсқа қолжазбалар және/немесе антиплагиат жүйесі арқылы тексеру нәтижелері бойынша түпнұсқалығы 75%-дан асатын қолжазбалар одан әрі рецензиялау үшін жіберіледі. Егер қолжазба журналда қойылатын ресімдеу талаптарына сәйкес келмесе және плагиатқа тексеру нәтижелері бойынша түпнұсқа жұмыс болып табылмаса, қолжазба тиісті өзгерістер енгізу және қолжазбаны журналдың электрондық платформасы арқылы редакциялық алқаның қарауына қайта жіберу үшін корреспонденция үшін авторға қайтарылады.

Егер авторлар қолжазбаны жазу кезінде басқа зерттеушілердің жұмыстарын, мақалаларын, ережелерін немесе дәйексөздері мен пікірлерін пайдаланса, онда олар осы ғалымдардың жұмыстарына сілтеме жасап, дәйексөз мәтінін дұрыс ресімдеуі керек.

Халықаралық қоғамдастық қабылдаған ғылыми этика қағидаттарының, стандарттары мен нормаларының бұзылуы анықталған жағдайда, журнал редакциясы Жариялау этикасы комитетінің стандарттарына (СОРЕ) сәйкес әрекет етуге міндеттенеді.

«Қоғам және Дәуір» журналына мақала іріктеу алгоритмі

 

Мерзімі

1.      

«Қоғам және дәуір» журналында жариялау үшін мақалаларды авторлар журналдың OJS (Open Journal Systems) платформасындағы веб-сайтына жібереді

Ұдайы

2.      

Редактор кезегі бойынша мақалаларды рәсімдеу талаптарына сәйкестігін қарайды

Кезегі бойынша

3.      

Редактор тексергеннен кейін мақала журналдың бағытына сәйкестігін және ғылыми жаңалығын айқындау үшін редакциялық кеңес пен алқа мүшелеріне жіберіледі

2 мақалаға 1 апта уақыт беріледі

4.      

Журналдың бағыты мен талаптарына сәйкес келетін мақалалар плагиатқа тексеріледі[1]. 80%-дан жоғары көрсеткішке болған жағдайда рецензияға қабылданады

Бір апта

5.      

Әрі қарай таңдалған мақалалардың әрқайсысы екі рецензентке жіберіледі[2]. Мақала екі жақты беймәлім рецензиядан өтеді, яғни автор(лар) мақаланың кімге рецензияға жіберілгенін білмейді, рецензенттер мақаланың автор(лар)ын білмейді

Екі апта

6.      

Рецензент қабылдау, қабылдамау, мақаланы қайта қарау, қайта қарау деген қорытынды береді. Ескертпелер болған жағдайда және қайта қарау қажет болған жағдайда, мақала авторға жіберіледі

Екі апта

7.      

Мақаланы жариялау туралы шешімді рецензенттердің қорытындысы бойынша бас редактор қабылдайды және журналдың келесі санында жариялауды жоспарлайды.

Бір апта

8.      

Журналдың келесі санының жобасы институт басшылығынан тұратын комиссияның бекітуіне жіберіледі.

Бір апта

(тоқсанның соңғы айының 15 жұлдызы

[1] Барлық мақалалар strikeplagiarism.com жүйесі арқылы плагиатқа қарсы тексеріледі.

[2] Барлық пікірлерді рецензенттер журналдың веб-сайт платформасында орналастырады

 

Еркін қол жеткізу саясаты және мұрағаттау

«Қоғам және Дәуір» журналы өз контентіне журналдың ресми сайтында ашық қолжетімділік береді, бұл әлемдік ғылыми қоғамдастықтың журналына ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ журналдың веб-сайтында авторлар мен оқырмандар үшін журналдың қызметі туралы қажетті ақпарат: жариялау шарттары, қолжазбаларды ресімдеу және журналға ұсыну ережелері, журналды қалыптастыру және қолжазбаларды рецензиялау тәртібі, жарияланым этикасы, Редакциялық кеңес туралы мәліметтер, бас редактор мен жауапты хатшының байланыс деректері ұсынылған.