Латын қарпінде әдебиеттер тізімін рәсімдеу ережесі (References)
- Дереккөздер тізімі (References) орыс тіліндегі нұсқадан кейін, шетелдік дереккөздерді қоса алғанда, барлық дереккөздер тізімін қайталай отырып, жеке тізіммен рәсімделеді.
- Транслитирленген жазбада МЕМСТ –та қолданылатын бөлу белгілері («//» және «–») пайдаланылмайды. Дереккөздің атауы мен шығу деректері авторлардан және мақаланың тақырыбынан қаріп түрімен, көбінесе курсивпен (italics), нүктемен немесе үтірмен бөлінеді.
- Аударылған басылымды сипаттау кезінде түпнұсқа нұсқасын ұсынған жөн. Аударылған нұсқасы жақшада - қосымша ақпарат ретінде сипатталуы мүмкін. Егер кітаптың түпнұсқа нұсқасы туралы мәліметтерді анықтау мүмкін болмаса, немесе аударма нұсқасы, мысалы, бірнеше шетелдік басылымдардан тұратын жинақ болып табылса, аударма басылымы негізгі сипаттамада қалады.
- Әдебиеттер тізімін транслитерациялаудың жалпы схемасы: автор (- лар) (транслитерация) → мақала атауы транслитерацияланған нұсқада [ мақала атауын шаршы жақшада ағылшын тіліне аудару], орыс тілді дереккөздің атауы (транслитерация немесе ағылшынша атауы - егер бар болса), шығыс деректер ағылшын тіліндегі белгілерімен.
Рәсімдеу мысалы:
APA – AmericanPsychologicalAssociation (5th ed.):
Author, A. A., Author, B. B., &Author, C. C. (2005). Titleofarticle. TitleofJournal, 10(2), 49-53.
Harvard - BritishStandard
AUTHOR, A.A., AUTHOR, B.B. and AUTHOR, C.C., 2005. Titleofarticle. TitleofJournal, 10(2), pp. 49-53.
Бағдарламада автоматты транслитерация мысалы https://translit.net/ сайтында
Сайтқа кіреміз, BSI жүйесінің нұсқасын таңдаймыз.
Орыс тіліндегі библиография мәтінін арнайы жолға қоямыз және «транслит» батырмасын басамыз.
Транслитирленген мәтінді көшіреміз, «//» арнайы бөлу белгілерін алып тастаймыз, мақаланың атын ағылшын тіліне аударамыз және оны шаршы жақшада транслитирленген атауын қоямыз, «№» - «no», «S» - «pp» ауыстырамыз.
Dnishev F.M., Al'zhanova F.G. Osobennostiformirovaniya i razvitiyainnovatsionnoisistemyKazakhstana [Features of the formation and development of the innovation system of Kazakhstan].Obshchestvo i ekonomika-Society and Economics. 2017. No 9. pp. 112–126.
Транслитирленген әдебиеттер тізімін, әлеуметтік-гуманитарлық бағыт үшін ағылшын (басқа шет тіліндегі) тіліндегі дереккөздерді рәсімдеу стилін мына сайттардан қарауға болады:
-AmericanPsychologicalAssociation (http://www.apastyle.org/);
-https://www.lboro.ac.uk/media/wwwlboroacuk;
- Қосымша ақпаратты мына сайттардан қарауға болады–
- http://publishing-vak.ru/bibliography-international.htm
Ұсынылған материалда т.ғ.к, РҒА ВИНИТИ бөлімінің меңгерушісі, SCOPUS ДҚ (CSAB) Сараптамалық кеңесінің мүшесі О.В. Кирилловтың «Ресейлік журналдарды SCOPUS шетелдік талдамалық базасы үшін дайындау: ұсынымдар мен түсініктемелер» мақасының материалы қолданылды– URL: http://www.elsevierscience.ru/files/add-journal-to-scopus.pdf