Аңдатпа
Мақалада мемлекет пен қоғам диалогын қалыптастыру мен институцияландырудың әлемдік тәжірибесі ұсынылған, қоғамдық диалогтың қазақстандық моделіне және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудағы рөліне талдау жүргізілген. Жүргізілген талдау көрсеткендей, елімізде 2019 жылдан бастап «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы табысты іске асырылуда. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстан Республикасы қоғамдық шарттың жұртшылықпен екі жақты қарым-қатынас қағидаттарына негізделген өзіндік моделін жасап шықты. Дегенмен, азаматтық қоғамның көмегіне сүйене отырып, дәйекті түрде шешілуі тиіс бірқатар мәселелер бар.