pdf

Кілтті сөздер

Лианкур, Оңтүстік Корея, Жапония, территориалды қақтығыс, экономика.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Турханова A., Бәйдәулетова, Б., & Исаева, А. . (2022). ОҢТҮСТІК КОРЕЯ МЕН ЖАПОНИЯ АРАСЫНДАҒЫ АУМАҚТЫҚ ДАУ: ЛИАНКУР АРАЛЫНЫҢ ЕКІ ЕЛ ҮШІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 74(2). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-2.07

Аңдатпа

Мақалада автор Оңтүстік Корея мен Жапония арасында территориалды қатығысқа әкелген Лианкур жартастарының мәселесін қозғайды. Бұл территориялық даудың бастапқы, дамушы және қазіргі жағдайын талдай отырып, оның өзгеру процессін бақылайды. Территориялық даулар өзінің белгілі бір нақты шешімге келуінің қиыншылымен ерекшеленетіндіктен, мәселенің жылдар бойы созылғанын мойындау керек. Сондай-ақ, бұл мәселенің жақыны арадағы 10 жылдықта толық аяқталмауын ойлай отырып, жалпы Лианкур жартастарының экономикалық маңызын бағалаған да жөн. Лианкур жартастарының эконоикалық дамуы екі тараптың қайсысына тиесілі екенін айқындау және дәлелдеу мәселенің қай жақтың жеңісімен шешілетіндігін көрсете алады. Қалай да дегенмен, бұл территориялық дау Оңтүстік Кореяның Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Жапон мемлекетінің отары болғандықтан, бұл мәселе территориялық даумен тығыз байланысқан, әрі дауды шешуде Корея Республикасының және жапонияның басқа да шешілмеген мәселелеріне назар аударуы ғана арқылы белгілі бір түйінге келетіні сөзсіз. Бұл мақала осындай аттас мақақалардан гөрі мәселенің толыққанды әрі детальді түрде түсіндірушілігімен, қазіргі кездегі Оңтүстік Корея мен Жапония арасындағы экономикалық қақтығыстағы Лианкур жартастары рөлінің ашылуымен және оның дауға ықпалының айқындауымен ерекшеленеді.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-2.07
pdf