pdf (English)

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Батталова A., & Исова L. (2022). ЖАҺАНДЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ МҰНАЙ БАҒАСЫ: ОПЕК БАСЫМ БАҒЫТТАРЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ САЯСАТ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 76(4). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-4.08

Аңдатпа

Халықаралық қоғамдастық үшін маңызды салалардың бірі – энергетика, ол қазіргі әлемдегі жалпы қауіпсіздіктің басты кепілгерлерінің бірі болып табылады. Мақала ОПЕК елдерінің басымдықтарындағы заманауи энергетикалық саясаттың өзекті мәселесіне арналған. Атап айтқанда, пандемия мен әлемдегі геосаяси жағдайлардың мұнай нарығына әсері зерттеледі. ОПЕК елдерінің және ОПЕК-ке кірмейтін елдердің мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімінің барысы мен салдары қарастырылады. Бұл мақаланың басты мақсаты – жаһандық дәрежедегі энергетикалық қарым-қатынастардың сипатын анықтау, қазіргі әлем сахнасында орын алған саяси-экономикалық процесстер мен мұнай бағасының төмендеуі жағдайындағы жетекші елдердің саясатына сараптама жүргізу, көмірсутегі нарығындағы баға саясатын саралау болып табылады.

Мақала объективтілік пен жүйелілік принциптері, тарихи-салыстырмалы принциптер бойынша жазылды. Эмприкалық тәсілдердің ішіндегі тарихилылық принципі бойынша 1850-ші жылдардан бері мұнай өнеркәсібінің дамуы кезеңінен бастап хронологиялық жүйелілікті аңғара отырып, әр кезеңнің сипатын анықтауға мүмкіндік берді. Объективтілік принципі мемлекеттердің мұнай баға саясатына байланысты жасаған қандай да бір қадамдарына сараптама жасап, анықтауға көмектесті. Жүйелілік принципі әлемдік мұнай нарығын жеке энергетикалық фактор түрінде ғана емес, объектілері бір-біріне тәуелді жаһандық дәрежедегі жүйелі алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік берді.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-4.08
pdf (English)