pdf

Кілтті сөздер

Түйін сөздер: Қытай мен Түркия, Екі жақты қатынастар, сауда -экономикалық байланыстар, саяси қарама-қайшылықтар, болашақ даму, ПКК, ( Күрдістан жұмысшылар партиясы).

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Тұрсын, Р., & Идрышева, Ж. (2023). қазақша ҚЫТАЙ - ТҮРКИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ДАМУЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ: . ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 77(1). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-1.09

Аңдатпа

 Мақалада Қытай Халық Республикасы мен Түркия Республикасы арасында дипломатиялық қатынастың қалыптасуы мен даму үдерісі қарастырылған.  Екі ел қатынастары тарихи кезеңдерде Қытай мен Түркияның жүргізген ішкі және сыртқы саясаттарына байланысты, халықаралық қатынастар жүйесіндегі өзгерістерге байланысты түрліше сипатталады деп санайды. Тараптардың саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және басқа салалардағы қатынастарының даму ерекшеліктері пайымдалып, екі мемлекет арасында тарихтан келе жатқан, қазірге дейін шешімін таппаған Шыңжаңдағы ұйғырлар мәселе мен Түркиядағы курд ұлты проблемасының мемлекеттік қатынасқа әсеріне талдау жасалады. Қытай мен Түркия арасында саяси қарама-қайшылықтар сақталғанына қарамастан, екіжақты қатынастар жалпы даму үдерісінде келе жатқанын нақты деректер арқылы дәлелдейді. Қытай Халық Республикасы мен Түркия  Республикасының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастарда алатын орны мен атқаратын рөліне баға беріліп, олардың ұлттық мүдделері тоғысатын тұстары зерделеніп, қазірге дейін тараптар әртүрі себептерге байланысты өздерінің мүмкіндігін толық пайдалана алған жоқ. Бірақ болашақ дипломатиялық қатынастардың дамуына берік негіз қалады деген тұжырым жасайды.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-1.09
pdf