Аңдатпа
Мақалада Қазақстанға Қытай жақтан қоныс аударуының үрдістері қарастырылған. Еңбек көші-қонының алғы-шарттары, ағымы мен құрамы, сонымен қатар географиясына сараптама жасалынып, болашақта мүмкін салдары болжанған. Мақалада түрлі жылдары Қазақстанда жүргізілген сауалнамалар мен әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері жинақталған.
Жасалынған талдау Қытайдың Қазақстандағы демографиялық экспансиясы туралы кең тараған мәлімдемелердің негізсіз екенін айғақтайды. Дегенмен, Қытай экономикалық қатысуының, әсіресе Қазақстан экономикасының стратегиялық маңызды секторларында, бақылаусыз кеңеюі ҚХР-дан сыртқы заңды көші-қон ағынының жылдам және ауқымды ұлғаюына әкелуі мүмкін деп аталып өткен.