Аңдатпа
Аңдатпа. Қазақстан Тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап сыртқы саясатта бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту бағытында жауапты саясат жүргізіп келеді. Автор қазіргі таңда мемлекетаралық және ұлтаралық бейбітшілік пен түсіністікті сақтап қалу еліміздің басты мұраты болып табылатынын жеткізеді. Бейбітшіліктің аксеологиялық аспектісін ашуда соғыс феноменіне тоқталады. Бейбітшілікті зерделеуде Қазақстан Республикасының Әскери доктринасының кейбір тұстарына назар аударады. Бейбітшіліктің ұғымын қарастырған Гуго Гроцийдың «Соғыс құқығы мен бейбітшілік» және Иммануил Канттың «Мәңгілік бейбітшілік» еңбектеріне талдау жасалынған.