Аңдатпа
Аңдатпа. XX ғасырдың ортасынан бастапғалымдар ауа-райының өзгеруі, көлдер мен теңіздердің тартылып экологиялық апаттарға әкеп соғуы алаңдата бастаған. Табиғи мәселелермен қатар қарапайым халықтың ауыз суға қол жетімділігі кейбір әлем елдерінде шектелгенін көруге болады. Зерделенген мәселелерді шешу мақсатында БҰҰ-да халықаралық статусқа ие бағдарламалар қабылданып отырады. Мақалада Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ)Мыңжылдық даму мақсаттары (2000-2015) және Тұрақты даму бағдарламасының (2015-2030) басты мақсаттарының бірі, баршаға бірдей қауіпсіз әрі қолжетімді ауыз суға қол жеткізуін қамтамасыз ету және су мәселесін тиімді жолдармен шешу. Осы мақалада Қазақстан Республикасының да БҰҰ-ның бағдарламаларының шеңберінде қабылданған «Ауыз су», «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламаларының мақсаттары және нәтижелеріне сараптама жасалынған. SWOT-анализ және су мәселесіне қатысты бағдарламаларға шолу жасалып статистикалық мәліметтер берілген.