Аңдатпа
Мақалада КСРО ыдырағаннан кейін пайда Тəуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымының пайда болу тарихы мен бүгінгі таңдағы ұйымға мүше елдері арасындағы интеграциялық байланыстары ашылады. Қазақстан ұйымның құрылуы мен қалыптасуы тарихында шешуші роль атқарғандығы ерекше аталады. Тəуелсіз ел атанған соң Қазақстан өз даму жолын тапты. Халықаралық қарым-қатынастарда көпвекторлық ұстанымға артықшылықтар беріп, барлық елдермен достыққа негізделген байланыстар орнатты. Ол əсіресе Тəуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы аясында ерекше белсенді жүрді. Автор Қазақстан Республикасының ұйым аясында мемлекеттермен интеграциялық байланыстарын сараптап, оның негізгі бағыттарын анықтайды. Бүгінгі таңда ұйымға мүше елдермен байланыстардың ерекшеліктерін сипаттап, Қазақстан үшін ұтымды болатын мəселелерге талдау жасалынады. Қазақстан Республикасының ұйымға мүше өзге мемлекеттермен өзара саяси, əлеуметтік жəне экономикалық, білім жəне ғылым саласындағы байланыстарына мəн беріліп, еліміз үшін пайдалы болатын мəселелерге ерекше көңіл аударылады. Бүгінгі күні ТМД елдері арасындағы шиеленісті байланыстар сипатталып, оның теріс əсеріне баға беріледі. Ұйымға мүше елдердің шиеленісті байланыстар жағдайында Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдылықтар мəселесі талданады. Көпвекторлы саясаттың артықшылықтарына баға беріліп, оның дұрыстығы дəлелденеді.