Аңдатпа
Аңдатпа. Сыртқы сауда қатынастары жаһандық әлемде макроэкономикалық және аймақтық экономикалық қызметтің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сыртқы сауда көлікпен тығыз байланысты. Көлік-логистикалық жүйесінің қалыпты қызметі тараптардың сату-сатып алу бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ете отырып, халықаралық мәмілелердің тиімділігіне едәуір ықпал етеді. Қазіргі таңда Қазақстан және оның аймақтары үшін, экономикалық қызмет түрлерінің тар шеңберінен шығуға бағытталған, ұлттық және аймақтық экономиканы әртараптандыру мен модернизациялау бойынша мемлекеттік саясаттың стратегиялық маңызы зор. Оның ішінде,қазіргі төртінші өнеркәсіптік төңкеріс шарттарында, экспорттық-импорттық қызметті дамыту ерекше рөл атқарады. Мақаланың мақсаты Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) сыртқы сауда әлеуетін және осыған байланысты аймақтың көлік-логистикалық жүйесінің мүмкіндіктерін анықтау болып табылады.