pdf

Кілтті сөздер

Қазақстан, жергілікті өзін-өзі басқару институты, ауыл әкімдері, сайлау, демократия, саяси жүйе.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Силам, Ә., Каленова, Т., Абдрахманова, Г. ., & Жанпейісова, Қ. (2023). Қазақстандағы ауыл әкімдері сайлауының қорытындысы: саясаттанулық талдау. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 79(3). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-3.09

Аңдатпа

 Мақалада елдіміздегі  алғаш рет  өткен ауыл әкімдерінің тікелей сайлау процесі туралы айтылады. Қазақстан қоғамын демократияландырудың басым бағыттардың бірі - жергілікті мемлекеттік басқаруды реформалау болып табылады. Биылғы жылы ауыл әкімдерінің сайлауы халықтың саяси белсенділігін арттырып, ауылдық жерлердегі сайлау мәдениетінің жоғарлауы туралы айтылады. Дамыған елдердің көпшілігі жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару үлгілерін жетілдіруге ұмтылады. Басқарудың бұл деңгейі халыққа ең жақын болып табылады және халықтың негізгі тұрмыстық қажеттіліктерін қанағат-тандыру мәселелерін шешеді. Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды ұтымды құру кезінде жергілікті ресурстар оңтайлы игеріліп қана қоймай, халықтың билікке деген сенімі де айтарлықтай артады.

Еліміздің саяси жүйесіндегі тұңғыш рет өткен ауыл әкімдерін сайлауы сөзсіз ауыл халқының азаматтық-қоғамдық белсенділігі мен саяси мәдениетін арттыра отырып, елімізде саяси плюрализм принциптерінің қалыптасуының көрсететін қажетті қадам бола білді. 

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-3.09
pdf