pdf

Кілтті сөздер

конфликт
медиация
келіссөздер жүргізу технологиялары
қоғам
конфликтология

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Шакиров, С., & Амангельдиев, А. . (2023). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОНФЛИКТОЛОГИЯ ИНСТИТУТТАРЫН КОНЦЕПТУАЛИЗАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 77(1). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-1.05

Аңдатпа

Өмірдің ең маңызды қағидаларын жалпы білу жаһанданудың идеологиялық негізі болып табылады. Ең басты экономикалық игілікке айналып бара жатқан ақылға, білімге, жоғары технологияларға назар аударыла бастады. Бүгінгі таңда адамзат болмысының трансформациясы негізінен интернет желілеріне негізделген ақпараттық революцияның арқасында жүзеге асуда, ол шекарасыз жаңа әлемді ашып, әлемнің кез келген нүктесінде байланыс орнатып, ұлттық бірегейліктің белгілі бір дәрежеде жоғалуына ықпал етеді.

Жаһандану дәуірі күрделі геосаяси жағдайда тұрған, бірақ ұлттық бірегейлігін сақтаған Қазақстанға да әсер етуде. Осыған байланысты жаһандану жағдайында отандық конфликтологияның даму мәселелерін қарастыру ерекше өзектілікке ие.

Әлеуметтік қақтығыстардың тұрақты пайда болуы, конфликтогендік, ашық қақтығыстар және қақтығыстардың ауырлығы олар тудыратын нақты себептерді анықтауды қажет етеді. Демек, оларды конфликтология сияқты ғылым аясында зерттеуде заңдылық бар. Сонымен бірге Қазақстанда конфликтологияның ғылым ретінде институционализациясының дамуы ерекшелік пен заңдылыққа ие болады.

Мақала авторларының негізгі мақсаты оң және теріс қасиеттері тұрғысынан қарастырылатын қақтығыс институтын тұжырымдамалаудың негізгі мәселелерін ұсынуға тырысу болып табылады. Авторлар Қазақстандағы қақтығыстың проблематизациясына назар аударады.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-1.05
pdf