Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы «Электрондық үкіметтің» дамуына талдау берілген. Авторлар оның дамуының заңнамалық және институционалдық негіздерін қарастырды, сонымен қатар әр кезеңнің өзіне тән ерекшеліктерімен дамудың негізгі кезеңдерін анықтады. Сондай-ақ мақалада халықаралық ұйымдардың қазақстандық электрондық үкіметтің даму динамикасына берген бағасы зерделенген. Жұмыста халық ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет көрсету динамикасы қарастырылған. Қазақстанның «Электрондық үкіметін» дамытудың анықталған ерекшеліктері оның алдағы кезеңге дамуының перспективалық бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.