Аңдатпа
Аңдатпа. Солтүстіктің төрт облысында (Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан) халық аз қоныстанып, халық саны екі жылда 12 000 адамға азайған. Керісінше, оңтүстіктің төрт облысында (Алматы, Жамбыл, Туркістан және Қызылорда) тұрғындар, солтүстік аймақтармен салыстырғанда, екі есе артық қоныстанып, 186 000 адамға халық санын көбейткен.
Қазақстан Республикасындағы облыстар бойынша халықтың орналасуындағы теңгерімсіздік, соған сәйкес аймақтар арасындағы әрқилы экономикалық даму, жұмыс күші – еңбек ресурстарын қайта бөлу қажеттігінің туындауы – көші-қон саясатына деген көзқарасты өзгертті, ішкі көші-қонды реттеуге деген алаңдаушылықты арттырды. Мақала халықтың орналасуындағы теңгерімсіздікті ескере отырып, көші-қон проблемаларына және осы мәселелерді шешуге бағытталған мемлекет бастамаларына талдау жасайды. Соңғы бес жыл бойы халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерден халық саны азайып бара жатқан солтүстік аймақтарға жұмыс күші ретінде тұрғындарды орналастыру шараларына қажетті басты құжат болған – мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы көші-қонға серпін бергені анық. Бірақ, тиімділігі көрініп тұрса да, нәтижесі тиісті деңгейге жетпеді. Мақала авторлары басты кемшіліктер ретінде ақпараттандыру науқанының дұрыс жолға қойылмауы, бағдарламаға деген сенімсіздік, жергілікті биліктің сылбыр қимылдары сияқты факторларды атап, проблеманың шығу себептерін, оларды шешу жолдарын ұсынады.