pdf

Кілтті сөздер

Жастар, мемлекеттік саясат, жастар жұмыссыздығы, Қазақстан, Дүниежүзілік банк, Жастар корпусын дамыту жобасы, Zhasproject, NEET жастары

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Әшірбай, С., & Абдрахманова, Г. . (2024). ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 81(1). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-1.08

Аңдатпа

Қазіргі таңда жастардың жұмыспен қамту мәселесі өте өзекті. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап елімізде жастар және осал топтағы жастарды жұмыспен қамту үшін көп сатылы мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Бұл мақалада жастар арасындағы жұмыссыздықты жою мақсатында жүргізілген бағдарламалар мен олардың нәтижелері айқын көрсетіледі. Сондай-ақ, салыстырмалы түрде шетелдік зерттеулерге мысал келтіріліп, жастардың жұмыссыздығымен күресте нәтижеге қол жеткізе алдық па деген сауалға жауап іздейді.  Салыстырмалы және статистикалық зерттеу тәсілдері қолданылған.

Мақалада еліміз жастарының қазіргі таңдағы жұмыссыздық мәселесі мен онымен күресуде жасалған бағдарламалары зерттеледі. Нақты нәтиже берген Жастар корпусын қолдау жобасы (Zhasproject) төңірегінде толық мағлұмат беріліп, жұмсалған мемлекеттік қаражаттың жастардың жұмыссыздық деңгейін азайту мәселесі бойынша сараптама жасалынды.

Зерттеуде жастарды жұмыспен қамту саласындағы ағымдағы мемлекеттік саясаттың тиімділігі бағаланып, мемлекеттік реттеу және жастарды жұмыспен қамтамасыз етудегі әлеуметтік мемлекеттің маңыздылығы талданды. Жоғарғы оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелерін қарастырылып, алдағы уақытта жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар берілді.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-1.08
pdf