pdf

Кілтті сөздер

Қазақстан, Қытай, Ресей, Ертіс, Солтүстік теңіз жолы, Арктика, транзит, өзен, көлік, сауда, экономика.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Дауылбаев, А. (2023). Қазақстан және солтүстік теңіз жолы: қиындықтар мен перспективалар. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 79(3). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-3.07

Аңдатпа

Мақала Ертіс трансшекаралық өзенінің солтүстікке Арктикаға қарай транзиттік әлеуетін талдауға арналған. Теңізге шыға алмайтын Қазақстан ірі өзен жүйесіне қол жеткізудің арқасында жаңа көлік маршруттарын дамытуға күш салуда. Бұл бағыт Қытайды, Қазақстанды және Ресейді байланыстырады, сондай-ақ Солтүстік теңіз жолының тиімділіктеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, Қазақстан экспорт пен импорт үшін көлік дәліздерін әртараптандыруға үнемі мұқтаж. Халықаралық жағдайдың шиеленісуі тауарлар мен ресурстар транзиті саласындағы халықаралық уағдаластықтардың осалдығын тағы да көрсетіп отыр. Егер Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту кенеттен туындаған проблеманың шешімі мен жауабы болса, онда Ертіс көлік бағытын дамыту - ұзақ мерзім шеңберіндегі және келешектегі перспективалар мен мүмкіндіктерге арналған толыққанды жоспар болары ықтимал. Ертіс транзиттік маршрутының ұзақ мерзімді перспективаларына қарамастан, болашақта жаңа бағыттың дамуы үшін талдау және дайындық жұмыстарын жүргізу қажеттілігі осы кезде туындап отыр.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-3.07
pdf