pdf

Кілтті сөздер

әлеуметтік желілер
ақпарат көзі
фейк
ақпараттық ықпал
ақпараттық-психологиялық қауіпсіздік
көпұлтты қоғам
ұлтаралық алауыздық

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Блялова D. B., & Бюлегенова, Б. . (2023). The ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ТҰЛҒАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 78(2). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-2.06

Аңдатпа

Мақалада қазақстандықтардың негізгі ақпарат көздері туралы зерттеудің нәтижелері талданып, алынған мәліметтердің негізінде азаматтардың басты дереккөз ретінде әлеуметтік желілерге деген сұранысының жоғары екені анықталды. Осы орайда көпұлтты мемлекеттің азаматы ретінде тұлғаның ақпараттық – психологиялық қауіпсіздігі мәселесінің өзектілігі туындайды. Ақпараттық контенттің үзіліссіз негізде өндірілуі ақпараттық кеңістіктегі елеулі өзгерістерге әкеліп, бұл трансформациялық құбылыстар адам мен тұлға өмірінің барлық салаларын қамтып үлгерді. Азаматтардың «ақпараттық-психологиялық қауіпсіздік», «ақпараттың теріс әсері» түсініктерін түйсіну деңгейін анықтау мақсатында автор талдау әдістері ретінде сауалнама жүргізді. Әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша ақпараттық технологиялардың дамуы жағдайында полиэтникалық қоғамдағы тұлғаның ақпараттық-тұлғалық қауіпсіздігі мәселесінің өзектілігі айқын деген тұжырым жасалды.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-2.06
pdf