Аңдатпа
Мақалада Қырғыз Ресубуликасының 1991 жыл КСРО ыдырығаннан кейінгі су ресурстарын пайдалану ерекшеліктері сипатталады. Су қауіпсіздігі, су ресурстарының қоры мен әлеуеті қарастырылған. Сонымен қатар су ресурстарының Қырғыз Республикасының экономикасы мен саясатындағы маңыздылығы, Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасы кейстер арқылы көрсетілген. Көрші елдерімен су ресурстары негізінде орын алған шиеленістерге талдаулар жасалынған. CASA-1000 жобасының маңыздылығы, пайдасы мен туындауы мүмкін қиындықтары да талданып көрсетілген. Мақала су ресурстарының Қырғыз Республикасындағы құқықтық реттелуі, экономикалық пайдасы мен халықаралық қатынастағы рөлі сипатталған.