Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасындағы өзін – өзі басқарудың ұйымдастырушылық – құқықтық мәніне анықтама беріледі және ауыл әкімдерінің сайлауы тұрғысынан сайлау реформаларын қарастырамыз. Басты назарды жергілікті өзін – өзі басқарудың тиімділігі және ауыл әкімдерінің сайлауында әкімдер сайлау жүйесінің ерекшеліктері қарастыру бүгінгі таңда өзекті мәселе. Мақаланың ғылыми жаңалығы ауыл әкімдерінің сайлау процесінде туындайтын негізгі мәселелерін зерттеуден тұрады. Авторлар ауылдық округтерді зерттеу аясында ауыл тұрғындарымен кездесіп сұхбаттар жүргізілді және Президент жарлығы шыққаннан бергі ауыл әкімдерінің сайлауына мониторинг өткізілді. Сондай - ақ, жергілікті өзін-өзі басқарудың кейбір модельдеріне қысқаша шолу жасалды және талданып қаралды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың басым міндеттерінің бірі ауылдар, кенттер, аудандық маңызы бар қалалар деңгейінде – жергілікті қоғамдастықтың қатысуын, қызығушылығын және жауапкершілігін ынталандыру арқылы басқару шешімдерін қабылдаудағы жергілікті халық қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі халықтың рөлін кезең-кезеңімен арттыру болып табылады.
Сондықтан жергілікті өзін – өзі басқарудың тиімділігін арттыру өте маңызды.