pdf

Кілтті сөздер

қалалардың дипломатиясы
ҚР оңтүстік астанасы
егіз қалалар
желіаралық тораптар
жаһандану
халықаралық қатынастар акторлары
аймақтандыру
экономика
тұрақты даму.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Исмагулов, Н., & Чукубаев, Е. (2023). АЛМАТЫ ӘЛЕМДІК САЯСАТТЫҢ АКТОРЫ РЕТІНДЕ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 80(4). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-4.07

Аңдатпа

Бұл мақалада ҚР оңтүстік астанасы Алматы қаласының әлемдік саяси жүйедегі рөлі талданады. Ұзақ уақыт бойы халықаралық қатынастар тек мемлекетаралық өзара әрекеттесумен байланысты болды. ХХ ғасырда саяси аренаға жаңа субъектілер – ТҰК, БАҚ, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар шыға бастады.Жаһандану халықаралық қатынастардың жаңа акторлардың пайда болуына ықпал етеді, олардың арасында қалалар мен мегаполистер ерекше рөл атқарады. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды. Саяси дамуға шолу жасалды және Алматының халықаралық қатынастар өркениеті жүйесіндегі рөлі сипатталды. Алматы қаласына Қазақстан Республикасының бизнес орталығы ретінде сипаттама берілді. Осы мақала аясында халықаралық қатынастар жүйесінің құралы ретінде "қалалар дипломатиясының" маңыздылығы қарастырылды.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-4.07
pdf