Аңдатпа
Мақалада тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бүгінгі күнге дейін мемлекеттік деңгейде дәріптелген бірқатар идеологиялық тұжырым қарастырылған. Автор идеология ұғымының пайда болу және даму тарихына қысқаша шолу жасап, қандай ой-тұжырымдар Қазақстандағы идеологиялық жұмысқа арқау болғанын зерделеген.
Осы ретте, Конституцияда, стратегиялық құжаттарда, Президенттің түрлі жиындарда сөйлеген сөздерінде жария етілген идеологиялық тұжырымдарға баса мән берілген. Соның ішінде, этносаралық татулық пен келісім, күшті президенттік республика, халық үніне құлақ асатын мемлекет, интеллектуалды ұлт, Толық адам, Мәңгілік ел, Әділетті Қазақстан, дәстүрлі ислам сияқты тұжырымдардың мән-маңызына талдау жасалған.