pdf

Кілтті сөздер

пост-шындық, популизм, медиа, популистік қозғалыстар, саясат

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Калдыбекова, А., Өзбек, С. ., Жанпейісова, Қ., & Қожбанхан, Е. (2024). ПОСТ-ШЫНДЫҚ, ПОПУЛИЗМ ЖӘНЕ ЖАҢА МЕДИА АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 2(82). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-2.04

Аңдатпа

Пост-шындық тұжырымдамасы популизммен және қазіргі кездегі ең өзекті мәселе болып табылатын жаңа медиамен байланыстырылады.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшылар қауымдастығы батыстық демократия объективтік фактілер өзінің маңыздылығын жоғалтып, қоғамдық пікір эмоцияларға жүгіну арқылы қалыптаса бастаған пост-шындық саясаты дәуіріне кіргендігін жиі айтады. Brexit және Дональд Трамптың сайлауалды науқаны осы саясаттың көрінісі болды. Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы және 2016 жылы АҚШ-тағы президенттік сайлауға дауыс бергеннен кейін, көптеген сарапшылар мен журналистер азаматтар өз таңдауын фактілерге немесе ғылыми деректерге емес, эмоцияларға сүйене отырып жасағандығын атап өтті.

Популизмнің дамуы пост-шындық саясатының пайда болуының негізгі факторларының бірі болып саналады. Шынында да, популистік қозғалыстарға қолдау көрсету соңғы жылдары күрт өсті. Атап айтсақ, «Бес жұлдыз қозғалысы» (Movimento 5 Stelle) және «Солтүстік лига» (Lega Nord) Италияда үкіметті басқарды, Марин ле Пен 2017 жылы Франциядағы президенттік сайлауда екінші орынға шықты және «Германия үшін балама» (Alternative for Germany party (AfD)) партиясы өткен Бундестаг сайлауларында рекордтық дауыстарды алды.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-2.04
pdf