pdf

Кілтті сөздер

Ұлттық жоба, Арнаулы экономикалық аймақ, инновациялық даму, инвестициялық тартымдылық, өңдеуші кәсіпорын, өмір сүру сапасы, агроөнеркәсіп, логистика.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Ерімбетова, К. (2024). СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ –ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР . ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 81(1). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-1.04

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуы, заманауи қоғамдық институттардың нығаюымен халықтың өмір сүру сапасы және олардың негізгі ұстанымдары өзгергендігіне мән берілген. Өңірлік экономикада сапалық жаңа табыстарға жету, өндіруші сектор тиімділігін арттыру; экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету; өңірлік және жаһандық экономикада алдыңғы қатарлы отандық заманауи инфрақұрылымды дамыту; заманауи білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту бағытындағы арнаулы экономикалық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы Қызылорда облысы мысалында қарастырылған. Қызылорда облысы экономикасына сапалы инвестицияларды тарту мақсатында агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, тау-кен өндіру өнеркәсібі, көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, туризм, мұнай өңдеу және басқа салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы нәтижелі жұмыстар көрсеткіштері қарастырылған. Аймақтың инвестицияға тартымдылығы, аймақтың әлеуетін жаңғыртудағы іс-қимылдар, жаңа перспективалар мен даму басымдылықтары сараланған.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-1.04
pdf