pdf (English)

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Дюсембекова, М., Көпбаев, Н., & Ким, Е. (2023). ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНА ӘСЕРІ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 78(2). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-2.07

Аңдатпа

Бұл мақала Қазақстан контекстінде экономикалық жаһанданудың негізгі қатысушылары – трансұлттық корпорациялардың қызметін зерттеуге арналған.  Соңғы жылдардағы елге тікелей шетелдік инвестициялардың негізгі көлемі мен ағындары қарастырылды. Бұл жұмыста елдегі тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан әрі-DFI) негізгі көрсеткіштері және олардың даму перспективалары айқындалған. Мақалада шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі факторлары да қарастырылады. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың ағынын айқындайтын факторлар бойынша ғылыми әдебиеттерге шолу жүргізілді. Мақалада Қазақстан экономикасының басым секторларына инвестициялардың үлесі зерттеледі және зерттеудің әдіснамалық негізі болып табылатын таным мен байқаудың аналитикалық және статистикалық әдістері келтіріледі. Мақаланың ғылыми құндылығы мен зерттеудің жаңалығы бар, мұнда жұмыстың өзектілігі халықаралық инвестициялық қызметті және трансұлттық корпорациялардың Қазақстанның экономикасы мен инфрақұрылымының түрлі секторларын дамытудағы рөлін зерттеуге кешенді тәсілді қолдануда жатыр.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-2.07
pdf (English)